Кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын өңірлік жол картасы қабылданды

You are here

Кедергісіз кәсіпкерлік. Бүгін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов және облыс әкімі бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен форумда кәсіпкерлердің құқын қорғайтын өңірлік жол картасы таныстырылды. Жиын барысында  мемлекеттік  органдар мен облыстың бизнес-қауымдастығы кәсіпкерлік саласының мүмкіндіктерін арттыру мәселесін талқылады.

Форум барысында  кәсіпкерлік саласындағы, оның ішінде Кедендік одақ шегіндегі  бірқатар күрделі мәселелер қаралды. Әсіресе, Кедендік одақ шегіндегі ауылшаруашылығы, құрылыс, мемлекеттік-жеке серіктестік, бақылау және қадағалау, салық әкімшілігі салаларында даулы сұрақтар көп. Мәселен, Кеден одағы арқылы қазақстандық кәсіпкерлер Ресей арқылы жүк тасымалдаған кезде қосымша құн салығын төлеуге қатысты, өнімдерді нарықта саудалауға рұқсат алуға байланысты кедергілерге кезігеді.

МАРАТБЕК МЫРЗАМҰРАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ  БІРІНШІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ

Осыған дейін де ақтөбелік кәсіпкерлердің мәселелеріне қатысты басқосулар  жиі ұйымдастырылады. Ал бұл жолғы форумның жөні бөлек. Бас прокуратура деңгейінде өтіп жатқан шараның негізгі мақсаты - кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру. Бұл бағытта кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын өңірлік жол картасы таныстырылды. Кәсіпкерлік кедергілерді жоюға бағытталған өңірлік картаны жасақтау. Бір ай бұрын Бас прокуратурада "кәсіпкерлік саласындағы прокуратуралық қадағалау" атты үлкен форум өтіп, жаңа бастамаларға жол ашқан болатын. Бүгін ақтөбеде өтіп отырған форум сол жиынның жалғасы, бірқатар жұмыстарды қарастырамыз деді Бас прокурордың орынбасары.

МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгінде кәсіпкерлікті дамыту жөнінен Ақтөбе облысы екінші орында. Облыста шағын және орта бизнесті дамыту көзделіп отыр.  Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі де белсенді жүргізілуде. Бұдан бөлек, өңір кәсіпкерлікті дамыту пилоттық жобасы бойынша республикада бес облыстың қатарында.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың санын ең кемінде 30 пайызға жеткізу қажет. Қазіргі күні облыста 130 мыңға жуық кәсіпкер бар. Облыс әкімі Бердібек Сапарабев жергілікті бизнесмендердің мемлекеттік бағдарламаларға қатысулары қажеттігін айтты. Ал жергілікті билік оларды қолдаулары міндетті. Мәселен, былтыр облыс кәсіпкерлері мемлекет тарапынан 10 млрд. теңгеден астам қаржылай көмек көрген.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бизнесмендерді Ресейге ет өнімдерін тасымалдау, салық салу проблмалары толғандырады екен. Әрі ауыл шаруашылығына қатысты субсидиялау да бар. 

НҰРЛЫБЕК МҰҚАНОВ, ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

"Агробизнес-2020" бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы жұмыстар жүргіздік. Ол несиелер бойынша сыйақы ставкларын субсидиялау. Бұл әсіресе, фермерлер үшін жақсы мүмкіндік болды.

Еліміздің бас прокурорының орынбасары жұмыссыздық мәселесін шешу үшін кәсіпкерлік саланы дамыту керек деп тоқталды. Себебі жұмыссыздық проблемасы елде қылмыстың көбеюіне алып келеді. Бұл әлемдік тәжірибеде дәлелденген құбылыс. Ал кәсіпкерлік секторды дамыту үшін өңірлік карта оңтайлы құжат болмақ.

МАРАТ АХМЕТЖАНОВ,  ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Форум соңында облыс әкімідігі, облыстық прокуратура және 29 мемлекеттік бақылау қадағалау органдары арасында кәсіпкерлердің құқын қорғау мақсатында карта жасақталып, меморандумға қол қойылды. Бұл өңірлік жол картасы аясында облыстағы кәсіпкерлікті дамыту жағдайы, оның дамуына кедергі келтіруші себептерді, әсіресе, ауыл шаруашылығы, құрылыс, салық салу, және сыртқы экономикалық қызмет саласындағы күрделі мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдары қарастырылады.

Жаңалықтар таспасы