Кәсіпорындарда жергілікті өнімдер пайдаланылуы керек

Ақтөбе облысының кәсіпорындары жергілікті өнімдерді пайдалану керек. Бұл туралы бүгін өңір басшысының жауапты тұлғаларға тапсырмасында айтылды. Биыл бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыс аумағындағы кәсіпорындар қолданатын туарлар мен қызметтердің қазақстандық үлесі төмендеген.  Бұл олқылықты ретке келтіру үшін жергілікті билік өкілдері Ақтөбенің кәсіпорындарына өндірістік тур ұйымдастырып, нәтижесінде бірнеше келісім шарт бекітілді. Мәселен, өңірдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі - Ақтөбе хром қосындылары зауыты өз өндірісінде ақтөбелік компанияларда шығарылатын темір бетон бұйымдарды пайдалана бастады. Және мұндай мысалдар жетіп артылады. Бұл жұмысты індете түсу үшін ақтөбелік компаниялардың өзге өңірлерден және шетелден сатып алып отырған тауарларына талдау жасалды. Бұл Ақтөбенің нарықтағы мүмкіндігін арттыру үшін сұраныста қандай өнімдердің бар екенін анықтауға берді. Кеңес қорытындысы бойынша Бердібек Сапарбаев жергілікті өнімдерді пайдалану туралы нақты міндеттер жүктеді. "Бұл өңір экономикасына инвестияция құйып, тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалудың бірден-бір жолы", - деді ол.

Қосылды: 
12.07.2016 - 15:11
Соңғы өзгерiстер: 
22.09.2016 - 09:27