Көктемгі су тасқынына қарсы шаралар пысықталды

You are here

Сондай-ақ облыс әкімі Бербідек Сапарбаев су тасқынына қарсы жұмыстарды пысықтау мақсатында қала сыртындағы елді мекендерге де барды.  Әсересе, шауын-шашын мол болған жылдары ойпаңда орналасқан Жаңақоныс, Бірлік сияқты тұрғын үй массивтерін су шайып кету қаупі бар. Облыс әкімі су тасқынына қарсы штабтың жұмысын жеделдетуді тапсырды. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы Бауыржан Сыздықов бұл аумақтарда барлық мүмкіндіктерді жасап жатырмыз деді. Осыған дейінгі штабтың инертті материалдар төсеп жасаған жұмыстарын соңғы күндері толассыз жауған қар аралас жаңбыр жоққа шығарғанға ұқсайды. Сондықтан, облыс басшысының тапсырмасына сай жұмыстар жер кепкенге дейін жалғаспақ.

Жаңалықтар таспасы