К. Жубанов атындағы АӨМУ қадағалау кеңесінің отырысы

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде қадағалау кеңесінің отырысы өтті. Жиында оқу орнындағы білім беру және тәрбие саласын дамыту сияқты өзекті мәселелер қаралды. Басқосуға облыс әкімі бердібек сапарбаев қатысты. Биыл шілде айында қазақстандық тәуелсіз  агенттік Білім беру  саласындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша үздік жоғары оқу орындарының тізімін жасаған. Мұны ұлттық рейтингілік баға деуге болады. Ал еліміздегі 52 жоғары оқу орны кірген үздіктер тізімінде  Ақтөбедегі бірде-бір білім ордасы жоқ болып шықты. Осыны ескерген өңір басшысы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті кезінде мұғалімдерді даярлайтын мықты оқу орындарының бірі ретінде танылғанын алға тартты. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сондай-ақоблыс әкімі оқу орнында ғылыми-зерттеу жұмысын күшейту жөнінде тапсырма беріп, университетте жоқ технопаркті енгізу қажеттігін айтты. Технопарк талантты жастардың ғылыми жобалары мен зерттеулерін сынап көретін тиімді алаң болуы керек. Бердібек Сапарбаев университет басшылығына студенттердің оқудан бос уақыттарында сапалы уақыт өткізуге жағдай жасау жөнінде де тапсырма жүктеді. Өңірдегі мамандар даярлайтын негізгі оқу орны ретінде университетке облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып, ауылдық жерлердегі мұғалімдер тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды. Отырыс барысында Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Қадағалау кеңесінің төрағасы сайланды. Шараға қатысушылар бірауыздан Бердібек Сапарбаевтың кандидатурасын қолдады.

 

Қосылды: 
21.07.2016 - 12:03
Соңғы өзгерiстер: 
21.09.2016 - 14:47