Мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы

Ал Батыс-2 ауданында мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде 320 орындық балабақша және жекеменшік 600 оқушыға шақталған мектеп салынуда. Мердігер компания өз жұмысын бастап кеткен. 2016 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілетін  ғимараттардың құрылысымен облыс басшысы Бердібек Сапарбаев танысты. Сондай-ақ облыс әкімі мамамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ашылу салтанатына қатысты.

Жаңа үлгідегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басты ерекшелігі уақыт үнемдеуінде. Мәселен автокөліктерін тіркеуге және жүргізуші куәлігін алуға, небәрі екі сағат уақыт кетеді. Ал медициналық анықтама үшін, алысқа сабылмай-ақ орталық ішіндегі қызметті пайдалануға болады. Мұнда психолог, нарколог кабинеттерімен қатар, хирург, көз дәрігерлері жұмыс жасайды. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Халыққа қызмет көрсету орталығының аумағында автодром, мотодром жұмыс жасайды. Онда "А" санатының жүргізушілері практикалық емтихан тапсырады. Мұндай мотодром әзірге   Ақтөбе және Қостанай қаласында ғана бар. Сондай-ақ көлікті техникалық байқаудан өткізуге арналған көлікжай және 7 автокөлік бар. Халыққа қызмет көрсету орталығы күніне 1000 құжатқа дейін қабылдап, рәсімдеуді жоспарлап отыр.

ШОҚАН ӘБДІЛМАНОВ, "ХҚКО" РМК БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл халыққа қызмет көрсету орталығының ақтөбеліктер үшін маңызы зор деп ойлаймын. Көлемі мен сапасы бойынша және инфрақұрылым жағынан барлық талаптарға сай келеді. Халықтың қажеттілігін толық қанағаттандырады деген сенімдемін. осымен еліміз бойынша он бірінші мамандырылған орталық ашылып отыр.

Содай-ақ облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Батыс-2 ауданында мемлекеттік жекеменшік серіктестік негізінде құрылысы басталған балабақшаны барып көрді. Және сол ауданда салынып жатқан "Сымбат" жеке меншік мектебінің жұмыс барысымен танысты. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ең бастысы батыс-2 секілді шағын аудан үшін кәсіпкер өз қаражатына балабақша салып отыр. Бұл мемлекеттік жекеменшік серіктестік негізінде атқарылған жұмыс. Бұл бағытта жұмыс жасап отырған  Компания басшысы Шамиль Каспранов күні кеше "Жыл адамы" атағына ие болды. Мұндай кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан  қолдау бар екенін жеткізгім келеді.

 

Қосылды: 
16.12.2015 - 17:29
Соңғы өзгерiстер: 
29.08.2016 - 17:58