Маңызды жобалар жүзеге асырылуда

Өңір басшысы өткен демалыс күндері облыс орталығындағы бірнеше маңызды нысандардың жұмысымен танысты. Авиациялық зауыттың, жөнделіп жатқан жолдағы жұмыстың және логистикалық орталықтың құрылысы Бердібек Сапарбаевтың назарына ілікті. Ол жұмыс көлемін арттыру, тапсыру уақыты мен сапасын талапқа сай орындау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

№406-шы авиациялық зауытының акционері - "Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясы. Зауыт 1939 жылы ашылды. Ұшақтарды, тікұшақтарды және олардың қозғалтқыш қондырғыларын күрделі жөндеумен айналысып келеді. Негізі кәсіпорын Қазақстанның авиация саласындағы жөндеу жұмыстарымен айналысатын жетекші зауыт болып саналады. Дегенмен, зауыт директорының айтуынша, соңғы екі жылда әуе техникасын жөндеуге түсетін тапсырыс көлемі төмендеген. Бұл ұшақтарды пайдалануға беретін кәсіпорындардың төлем қабілетіне және әуе техникасының пайдалану мерзімінің ұзартылуымен байланысты болып отыр. Директордың бұл уәжіне әкімнің де жауабы дайын болды. Ол зауыттың жұмысын жақсартып, тапсырыс көлемін ұлғайту үшін еліміздің әр өңірімен жеке-дара жұмыс жасау керек деп тапсырды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұдан соң облыс әкімі "Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық" бағытындағы жолды жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл жол Шұбарқұдық пен Болгарка елді мекендерін облыс орталығымен жалғайды. Қазір Бөкенбай батыр көшесі мен Сәңкібай батыр даңғылынан басталып, Сазды ауылына қарай бұру жолдың бойындағы учаске жөнделуде.

Күрделі жұмыстар оңтайлы аяқталғанда жол бойындағы барлық нысандарды, сондай-ақ екі жарым мың адам тұратын сазды ауылын көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етеді. Облыс әкімі Сәңкібай батыр даңғылында орналасқан "Ең үздік шешім" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көлік-логистикалық орталығын көрді. Оның жобалық қуаттылығы жылына 780 вагонды темір жол көлігімен және 660 жүк көлігімен қамтамасыз етеді. Орталық биыл қазан айында пайдалануға берілмек. 

 

 

 

Қосылды: 
25.07.2016 - 11:12
Соңғы өзгерiстер: 
21.09.2016 - 14:36