Медицина қызметкерлеріне жаңа денсаулық бағдарламасы таныстырылды

Бүгін Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың басшылығымен "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы ғимаратының күмбезді залында бюджеттік мекеме өкілдерімен кездесті. Министр жиналғандарға 2016 жылдың 1-қаңтарынан енгізілетін азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісі туралы айтып берді.

Еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісі енгізілгеннен кейін біліктілігіне байланысты негізгі қызметкерлер жалақысы сараланып барып арттырылады. Мәселен, денсаулық сақтау саласында еңбекақы - 7 пайыздан 28 пайызға дейін, білім беру саласында 15 пайыздан 29 пайызға дейін, ал өзге салаларда 28 пайыздан 40 салаға дейін көтеріледі. Қызметшілердің еңбегінің әділ бағаланып, жүктемесі мен еңбек өтіліне байланысты енгізілетін бұл өзгерістер алға жасалған тың қадам.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімінен соң сөз алған денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова азаматтық қызметшілерді біліміне, біліктілігіне, атқаратын қызметінің күрделілігі мен дәрежесіне қарай бөлінетін төрт санатты жіктеп берді. Алғашқысына, ұйым басшылары мен орынбасарлары, екіншісіне дәрігерлер, мұғалімдер, ғылыми қызметкерлер сияқты ұйымның негізгі жүгін арқалайтындар, үшіншісіне заңгерлер мен есепшілер, аудармашылар тәрізді әкімшілік-құқықтық мәселенің мамандары және соңғысы - іс жүргізушілер мен хатшылар және кассирлерден құралған қосалқы және техникалық топ.

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРІ

Жоғарыда айтылған мәселелер бойынша облстық білім, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары да есеп беріп, өз салалары бойынша республикалық және жергілікті бюджеттерден еңбекақы алатын қызметкерлерінің саны мен жаңа өзгерістердің әсері туралы айтып берді.

ЖАНАТ САМҰРАТОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Биылғы жылдың 23-қарашасында Елбасы қол қойған жаңа Еңбек кодексінің нормаларын түсіндіру үшін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова заңның ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы ел ішінде түсіндіру жұмыстарына кіріскен. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында айтты.

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРІ

Еңбек кодексіндегі ережелерді түсіндіру бұдан соң қаланың іргелі кәсіпорындары мен еңбек ұжымдарында жалғасты.

 

 

Қосылды: 
26.11.2015 - 15:30
Соңғы өзгерiстер: 
29.08.2016 - 16:33