Мектептерге түлектер қолдау көрсетуде

You are here

Облыс орталығындағы бірнеше мектепте жасалып жатқан жөндеу жұмыстары да өңір басшысының назарынан тыс қалмады. Күрделі жөндеу жұмыстары қазір нөмірі 32, 35, 37 және 14 орта мектептерде жүргізіліп жатыр. Ал нөмірі үшінші мектептің жөндеу жұмыстарына "Туған жерге тағзым" акциясы аясында осы білім ордасының түлектері қолдау көрсеткен.

Нөмірі үшінші орта мектептің түлегі кәсіпкер Қайрат Майтықов «Туған жерге тағзым» акциясы аясында өзі оқыған мектепке жиі көмек береді. Бұл жолы мектепті жөндеуге демеуші болды. Қазір жұмыстар 70 пайызға орындалды. Құрылысшылар сыртын әрлеп, қасбетін жаңартып, терезелерін ауыстырды. Спорт залы мен оқу кабинеттері жөнделуде. Барлық жұмыс 15-ші тамызға дейін аяқталмақ. Жөндеуге 150 млн теңге бөлінген.

ШОЛПАН ӨМІРЗАҚОВА, №3 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ

Қала мектептердегі жөндеудің қандай сатыда екенін көрген облыс басшысы бұл жұмыстарға ақтөбеліктерді «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жұмылдыру керек деді. Сондай-ақ, мектептің ауласын ретке келтіруге мектеп басшылығы көңіл бөлуі керек деп ескертті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазір қаланың барлық мектептерінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 23 мектептің және 7 балабақшаның ұзақ жылдардан бері бірінші рет шатыры мен жылу, жарық жүйелері жаңғыртылмақ. Қаланың бас мұғалімінің айтуынша, "Туған жерге тағзым" акциясы аясында түлектер өздері оқыған оқу ордаларына жыл сайын тарту жасап келеді.

 

 

 

 

 

Қосылды: 
12.07.2016 - 14:31
Соңғы өзгерiстер: 
21.09.2016 - 14:57

Жаңалықтар таспасы