Мемлекеттік бағдарламалар жүйелі жүзеге асырылуда

Сондай-ақ премьер-министр Кәрім Мәсімов облыста тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты. Үкімет басшысы мен өзге де министрлерге Батыс-2 шағын ауданындағы коммерциялық көпқабатты үйлер мен жоспардағы бірнеше әлеуметтік нысанның құрылысы көрсетілді.

Өткен жылы  530 мың шаршы метр тұрғын  үй пайдалануғаберілді. 4629 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Биыл жоспар бойынша бұл меже артық орындалу қажет. Кемінде 580 мың шаршы метр тұрғын үй берілу көзделген. Олардың жартысы Батыс -2 шағын ауданында орналасқан. Бұл жерде алғашқы құрылыс осыдан екі жыл бұрын басталды. Оны "Нектар" өндірістік кооперативі салды.  

ШАМИЛЬ КАСПРАНОВ, "НЕКТАР" ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Екі жыл бұрын бұл жерде жазық дала болатын. Алғашқы болып біздің мекеме құрылыс салдық. Газ, су құбырларын жүргіздік. Өткен жылы 4 үйді пайдалануға бердік. Биыл бесеу. тағы жеті үй бар. 2017 жылы толық аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. 

Зәулім үйден үш бөлмелі пәтерге қол жеткізгендердің бірі Шамшат Жұбай. Ол бұған дейін тұрған пәтерінің бала немерелерімен бірге тұруына тарлық еткенін айтады. Бірнеше рет мемлекеттік бағдарламаға қатысса да нәтиже шықпаған. Ал, жаңа ауданнан төмен бағамен баспанаға ие болған Шамшаттың қуанышында шек болмады.

ШАМШАТ ЖҰБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Мердігер мекеме басшысы "Батыс-2" шағын ауданын толығымен тұрмысқа жайлы болатындай етеміз деп уәде берді. Биыл қыркүйекте осы ауданда жаңа балабақша ұсынылмақ. 320 орындық білім беру мекемесінде бүлдіршіндер үшін бар жағдай жасалған. Бұл толығымен компания қаржысына салынды.  Сондай-ақ қалада офтальмологиялық орталық, балалар тіс емханасы, жедел жәрдем бекеті, оқушылар сарайы және өзге де  әлеуметтік мекемелерге арналған жаңа ғимараттар бой көтермек. Бұлардың басым көпшілігі мемлекеттік жекеменшік серіктестік негізінде салынады.

Қосылды: 
15.06.2016 - 17:17
Соңғы өзгерiстер: 
19.09.2016 - 16:54