Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу міндет

Облыста елдігіміздің белгісі - мемлекеттік туымыз ілінбеген мектептер мен мекемелер бар. Бұл туралы бүгін Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен рәміздер жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Бұл шараға комиссия мүшелерінен өзге қала және аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдар басшылары, мектеп директорлары қатысты. Рәміздер қасиетті құндылығымыз, мемлекеттілігіміздің негізі, тәуелсіздік белгісі деген облыс әкімі жіберілген олқылықтарға байланысты  жауаптыларды қатаң сынады.

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия жүргізген тексерулердің қорытындысына облыс әкімінің көңілі толмады. Рәміздерге қатысты анықталған заңбұзушылықтардың дені мемлекеттік органдарда болып отыр. Кейбір мектептер мен мекемелерде ту атымен болмай шыққан. Мұндай еліміздің нышандарына деген мұндай салғырттық  Байғанин, Мәртөк аудандарында және бірқатар қала мектептерінде де тіркеліп отыр.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Мемлекеттік рәміздерді өз деңгейінде құрметтеу туралы облыс әкімінің сұрағына келгенде облыстың орталығындағы мектептердің директорлары да мүдірді. Мәселен қаладағы нөмірі 3,11, 42, 34,22,39  мектептерде тудың өзі де, тутұғыры да  түнде көрінбейді, жарықтандырып тұратын түнгі шам орнатылмаған. Рәміздердің сипаттамасы да жазылмаған. Ғимараттарының маңдайшасына Туды қисайтып іліп қойған басшылар да бар. Ал №47-ші мектептің директоры туды байрақ деп жазуға жол берген.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Комиссия отырысының қортындысы бойынша облыс әкімі нақты міндеттер жүктеді. Ол  ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өңірде өткізілгелі отырған  3 мыңға жуық шара аясында мемлекеттік рәміздердің насихатталуын жоғары дәржеде ұйымдастыру керектігін ескертті. Осы ретте әділет департаменті, облыстық ішкі саясат басқармасы мен стандартизация және метрология мекемелерене бірлесіп қалада, аудандарда рәміздерді орналастырудың тәртібі, оның талаптары туралы оқыту семинарларын жүргізу тапсырылды.

Қосылды: 
06.04.2016 - 11:16
Соңғы өзгерiстер: 
08.09.2016 - 15:45