Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын Нұрлан Иманалин басқарады

Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымына Нұрлан Иманалин тағайындалды.

Иманалин Нұрлан Жұмашұлы 1966 жылы Ақтөбе қаласында туған. Білімі – жоғары, Алматы теміржол көлігі инженерлерінің институтын жол қатынастары инженері мамандығы бойынша бітірген, құрылысшы.

Еңбек жолын Ақтөбе қаласында теміржол монтері болып бастаған. Жол жұмыстарын механикаландыру инженері, Ақтөбе қалалық әкімшілігінің аға референті болып жұмыс істеді, сонымен қатар, мемлекеттік, коммуналдық және коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерде болды.

2017 жылдың қаңтар айынан бастап Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі