Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қаншалықты тез алуға болады?

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 74-бабы 1- және 3-тармақтарына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жайлы пәтер қатаң түрде кезек ретімен беріледі.

Қосылды: 
12.08.2016 - 18:27
Соңғы өзгерiстер: 
15.08.2016 - 11:03