Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері: жетістіктер, проблемалар және одан кейінгі қадамдар

2017 жылдың 22 желтоқсанында облыс әкімі аппаратының эгидасымен «Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері: жетістіктер, проблемалар және одан кейінгі қадамдар» тақырыбында «Халықтық кеңсе» алаңында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына аудан әкімдерінің орынбасарлары, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ-ің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері мен Ақтөбе қаласының және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімдерінің басшылары қатысты.

Облыс әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы  Алдашев Жұмамұрат Ердәулетұлы «дөңгелек үстелдің» модераторы мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастардан арылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді түрде көрсетуге көшуге назарын аудару бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерін жүзеге асыруға назар салды.

Халықтың мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру қажет екенін ескерді, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға ықпал ететін болады.

«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар цифрландыру, ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру, халықтың компьютерлік сауатын жоғарылату мәселелерін белсенді талқылады.

Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін 192 қызметтер бойынша 85 қызмет түрі электрондық форматта көрсету қарастырылған, бүгінгі күні тек 71 қызмет автоматтандырылған (83 %).

Көзделген мақсатқа жету үшін халықтың компьютерлік сауатын жоғарылату, оның ішінде «электрондық үкімет» порталымен жұмыс істеу дағдысын оқыту керек.

Осыған байланысты, жастар мен аға буындағы азаматтар, ауыл тұрғындары арасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ фронт-офистері, жергілікті атқарушы органдар, мектептер, колледждер, кітапханалар базаларында оқытуды жүргізу қажет.

Сонымен қатар, тек қана Мемлекеттік корпорация арқылы және баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесі; мемлекеттік органдардың «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесі және мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімдерінің сақталуы бойынша маңызды және өзекті бағыттары талқыланды.