Мемлекеттік қызмет абыройлы міндет

Бүгінде Ақтөбе облысында 4800-ге жуық мемлекеттік қызметші бар. Оның 57 пайызы - әйелдер болса, 30 пайызы - жастарды құрайды. Ертең 23 маусым - мемлекеттік қызметшілер күні. Осыған орай, облыстық драма театрында абыройлы міндетті арқалап жүрген мемлекеттік қызметкерлерге арналған салтанатты шара өтті {СЮЖЕТ}

2002 жылдың 20 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 23 маусымды БҰҰ-ның мемлекеттік қызметкері күні деп жариялау қарарын қабылдап, оған мүше әр мемлекетті де осыған байланысты бір күнді белгілеуге шақырды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы Жарлығымен 23 маусым Мемлекеттік қызметкер күні болып белгіленді. Қазақстанда 90 мыңнан астам адам мемлекеттік қызметте, соның ішінде 49 мыңнан астамы әйелдер.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгінде облыста 4800 мемлекеттік қызметкер бар. Мереке қарсаңында осы саладағы өнегелі еңбек жолы мен зор жетістіктері үшін 10 қызметкер алғыс хат, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ биыл ғана тұсауы кесілген "Мансап" студенттік мектебін бітірген 25 түлек арнайы сертификаттарға ие болды.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметкерлерлерге зор міндеттер жүктеліп отыр. Олар демократиялық, зайырлы қоғамның айнасы. Бұл сала терең білімділік пен іскерлікті қана емес, үлкен жауапкершілікті талап етеді.

БОЛАТ КӨПТІЛЕУ, ШАЛҚАР АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Мерекелік шарада Мемлеекттік қызмет істері министрлігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, "Әдеп" жөніндегі кеңес төрағасы Қайыржан Токушев, Мұғалжан ауданының әкімі Серік Шаңғұтов, Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Талғат Мамаев мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы атынан марапатталды. "Қазақстан-Ақтөбе" телеарнасының шығармашылық ұжымының еңбегімен жасалған мемлекеттік қызмет туралы бейнефильм көрсетілді. Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Қосылды: 
22.06.2016 - 11:04
Соңғы өзгерiстер: 
09.09.2016 - 12:36