Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау-басты міндеті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау - басты міндет. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен мәжілісте айтылды. Өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін төмендетпеу - отырыстың басты тақырыбы болды. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында облыстағы өнеркәсіп өндірісі көлемінің, инвестициялар тарту, құрылыс жұмыстары, сондай-ақ, шағын және орта бизнестің баяулағаны байқалады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, бұның бірнеше себептері бар. Алайда, жауапкершілік пен ұтымды шешім қабылдау арқылы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Бұл ретте, облыс басшысы түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында өңірге бөлінген қаржыны тиімді игеру, әлеуметтік нысандардың құрылысын нәтижелі жүргізу, жаңа жұмыс орындарын ашу және жұмыссыздық деңгейін өсірмеуін қажеттігін атап өтті. Бұдан өзге, еліміздің өзге аймақтарымен қарым-қатынас жасаудың да тиімділігі зор.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сондай-ақ, мәжіліс барысында облыс әкімі қала және аудан әкімдеріне тұрғындармен жиі кездесуге тапсырма берді. Оларға жер мәселесіне қатысты  реформаны және ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттауды керектігін айтты. Ал шағын және орта бизнестің дамуына жан-жақты қолдау қажет деді. Соның ішінде, Индустрияландыру картасына енген кәсіпорындарға баса назар аударуды ескертті.

Қосылды: 
19.05.2016 - 17:59
Соңғы өзгерiстер: 
16.09.2016 - 14:47