Мемлекет басшысы атынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

You are here

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев лаңкестер қолынан қаза тапқан ақтөбелік азаматтардың отбасыларына барды. Атап айтқанда, олар 2016 жылғы 5 маусымда қаза тапқан "Жедел күзет" агенттігінің қызметкері Мерхан Тәжібаев, "Паллада" дүкенінің сатушысы Андрей Максименко, қала тұрғыны Михаил Матросов пен ардагер Николай Онищенконың үйінде болды. Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Бердібек Сапарбаев қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына Елбасының атынан көңіл айтып, барша Қазақстан халқының олардың қайғыларына ортақ екендігін жеткізді.

МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД, "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

аударма. Өңірге жоғары білікті медициналық қызметкерлер келіп жетті. Санавиация да дайын. Егер жағдайы ауыр жараланғандар болса, Астанадағы Ұлттық медицина орталығына жеткізіледі. Біз сіздердің қайғыларыңызға ортақтақпыз. Барлық Қазақстан халқы сіздермен бірге. Мықты болыңыздар!

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ,АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

аударма. Қазір барлық жағдай - біздің бақылауымызда.  Қалада болған жантүршігерлік лаңкестік оқиғаға қатысы бар қылмыскерлер заңмен қатал жазаланады, қаза тапқандардың отбасыларына 1 миллион теңгеден материалдық қолдау көрсетіледі. Жерлеу рәсімдерінің барлық шығындары өтелетін болады.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Көксу ауылы бүгін Ақтөбедегі 6655 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген

19 жастағы Досбол Сапарды ақтық сапарға шығарып салды. Тағы бір қаза тапқан Ұлттық ұланның офицері Даниэль Майлыбаев Алматы облысының Талғар қаласында жерленді. Ал әскери қызметкер Берік Қалиевпен қоштасу ертең Батыс Қазақстан облысындағы оның туған ауылында өтеді.

 

Жаңалықтар таспасы