Мемлекет басшысы оқушылардың ғылыми жұмыстарына қызы

You are here

Ақтөбе мұнай жабдықтары зауытының жұмысымен танысқаннан соң, Елбасы... Назарбаев зияткерлік мектебіне барды. Мұнда шетелдік мұғалімдермен жүздесіп, оқушылардың ғылыми жобаларының көрмесімен танысты. Үш тілде оқытатын мектептің мүмкіндіктерін жоғары бағалады.

Президенттің Ақтөбедегі физика-математика бағытында білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебіне жасаған алғашқы сапары шетелдік оқытушылармен кездесуден басталды. Бүгінде оқу ордасында 125 мұғалімнің 17-cі шетелден шақырылған ұстаздар. Олар үш тілде еркін сөйлейді.

КҮЛӘШ ШӘМШИДИНОВА, "НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ" ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ

Ұжыммен кездескен Елбасы одан соң, оқушылардың шығармашылығымен, ғылыми-жобалық жұмыстарының көрмесімен танысты.

Бұл таныстырылған жобаны 9 сынып оқушылары ойлап тапқан. Ақтөбе облысының тарихи-экономикалық онлайн картасы арқылы облыс аумағында орналасқан әр ауданның тарихын, табиғи байлықтарын, экономикасын білуге болады. Шығармашылық ізденістің нәтижесінде оқушылар Мұғалжар ауданында вермикулит деп аталатын сирек минералдың бар екенін анықтаған. Бұл табиғи тыңайтқышты қолдану арқылы оқушы қияр өсіріп, тез өнім алуға болатынын дәлелдеген. Көрме барысында Нұрсұлтан Назарбаев отандық және шетелдік сүт өнімдерінің құрамын зерттеген балалардың жұмыстарына да қызығушылық танытты. Өз кезегінде олар отандық өнімнің сапасының жоғары екенін және экспортқа да шығаруға болатындығын айтып өтті.

Зерек балалардың шығармашылығымен, ғылыми-жобалық жұмыстарымен танысқаннан кейін, Президент соңғы заманауи технологиялармен жабдықталған физика кабинетін көріп, спорттық шараларда және халықаралық, республикалық  деңгейдегі ғылыми байқауларда топ жарған оқушылармен кездесті. Болашақтарынан зор үміт күттіретін жасөспірімдерге сәттілік тіледі. Озат оқушының бірі - Сағынбай Шыңғысхан. Болашақта микробиология және геотехнология саласын меңгеруді армандайтын ол Малайзияда білімін жетілдірген. Қазақстандағы жалғыз хром өндіретін қала Хромтауда дүниеге келген ол Елбасы алдында мақсатын айтып, бар күш-жігерін жұмсауға сөз берді.

САҒЫНБАЙ ШЫҢҒЫСХАН, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ

Бүгінде мектеп оқушыларына барлық жағдай жасалған. Жаттығу залдары, спорттық залдар да бар. Елбасы мектептің материалдық-техникалық базасымен танысу барысында теннис, күрес, жасанды шыңға өрмелеу сияқты спорт түрлерімен айналысатын балалармен кездесіп, оларға жарқын болашақ тіледі.

Жаңалықтар таспасы