Мемлекет пен жекеменшік серіктестігін дамыту

You are here

Сондай-ақ бүгін облыс әкімдігінде мемлекет пен жекеменшік серіктестігін дамыту арқылы жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Бүгінгі күні облыста мемлекет пен жекеменшік әріптестігі негізінде 18 жобаны іске қосу қолға алынған. Бұл дегеніміз - 16 миллиард теңге инвестиция! Нақты айтқанда Ақтөбеде офтальмологиялық клиника, қалалық жедел жәрдем бекеті, балалардың стоматологиялық емханасы, Мұз айдынына арналған спорт сарайы, өлкетану музейінің жаңа ғимараты салынады. Облыс әкімі мемлекет пен жекеменшік серіктестігінің тетіктерін аудандарда да пайдалануды, жаңа жобаларға ізденіс жасауды міндеттеді. Айта кету керек, Ақтөбеде мемлекет пен кәсіпкерлік сектордың әріптестігі арқылы энерго тиімділікті арттыратын жобаларды жүзеге асыру мәселесі қаралуда. нақтырақ айтсақ, мемлекеттік мекемелерге, көшелерге энерго үнемдегіш түнгі шамдар орнатылмақ. Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев облыстың бас мұғалімі Сәуле Өмірбековаға жазғы маусымда спорт залдардың және лагерьлердің саны мен сапасын арттыру үшін бос тұрған ғимараттарды пайдаланып, ынталы кәсіпкерлерді тарту керек деп тапсырды.

Жаңалықтар таспасы