Мемлекет пен жеке кәсіпкерлік серіктестігі аясында балабақша ашылды

You are here

Мереке күні Ақтөбеде бірқатар әлеуметтік нысандар ашылып, пайдалануға берілді. Елбасының тапсырмасына сәйкес, мемлекет пен жеке кәсіпкерлік серіктестігі аясында, тағы бір балабақша қызметін бастады. Сол сияқты, қаланың ескі бөлігінде балалар тіс емханасының филиалы да іске қосылды. Екеуінің де ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Кішкентай бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан "Ақ еркеш" балабақшасы, 75 балаға арналған. Аптасына бес күн жұмыс жасайды. Күрделі жөндеуден өтіп, қайта жабдықталған бұрыңғы тұрғын үй, мемлекет пен жеке кәсіпкерлік серіктестігі аясында, бала тәрбиелейтін үлкен орынға айналып отыр. Жаңа үлгідегі жиһаздар, жатын бөлмелері мен асхана, ал, аула ішінде ойын алаңдары, күншатырлар және шағын бақтар бар.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл, мемлекет пен жеке кәсіпкерлік серіктестігі аясында Ақтөбеде ашылған 18-ші балабақша. Мектепке дейінгі ұйым, осы Шаңхай ауданындағы балабақша мәселесін шешуге септігін тигізді.

ЛӘЗЗАТ ОРАЗБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Және дәл бүгін қаланың ескі бөлігінде балалар тіс емханасы ашылды. Мұның бас ғимараты Абай даңғылы бойында орналасқан. бірақ соңғы жылдары ондағы ғимарат барлық балаға қызме көрсетіп үлгермейді. Соған байланысты ескі қаладан филиал ашты. Денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, бүгінде қаланың шеткі аумақтарындағы мектептерде де стоматологиялық кабинеттер ашылуда.

Қосылды: 
06.07.2016 - 12:12
Соңғы өзгерiстер: 
20.09.2016 - 12:20

Жаңалықтар таспасы