Мен және менің әлемім жастар фестивалі

You are here

"Мен және менің әлемім". Осындай атаумен балаларды қорғау күніне орай Ақтөбе жастары ауқымды іс-шара ұйымдастырды. Белсенді жастар биден сынға түсіп, өздерінің тың идеяларымен және жазғы демалысты қалай тиімді өткізу туралы ойларымен бөлісті.

"Ақтөбе жастары қауымдастығы" мен "Ақтөбе жастары" коммуналдық мекемесі ұйымдастырған шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Белсенділер ұлттық ойындарды дәріптеп, үстел теннисі, бимекс, стрит уоркоут сынды спрттық жарыстардан сынға түсті. Ал, өңір басшысы өз кезегінде жастардың спортқа деген ептілігін тамашалап, олардың бұқаралық спортты дамыту жөніндегі ұсыныстарын тыңдады. Никита Майер велосипед тебуде кәсіби спортшылардан кем емес. Бірнеше жылдан бері түрлі жаттығулар жасап, осы спорт түрімен айналысып жүр. Ол саябақ ашылған күннен бастап достарына әдіс-тәсілдерін үйретіп келеді. Алайда, велосипед тебу бұл жерде өте қауіпті. Өйткені, мұнда ересектер мен кішкентай балалар көп жүреді. Сондықтан да, жастар жағы облыс әкімінен жаңа алаңдардың бой көтеруін сұрады.

НИКИТА МАЙЕР, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Бізге велоспортпен айналысатын ыңғайлы алаңдар салынса дейміз. Өйткені, кейбір алаңдар балалар ойнайтын жерлерге салынған. Бүгінгі күні қалада 300-ден аса әуесқой спортшы бар.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өздеріңе тиімді жерді көрсетіңдер. Бастысы, балаларға қолайлы болуы керек. Сонымен бірге, транспорттық көліктер де ол жерде жүрмеуі тиіс. Қаланың әр бұрышынан балалар келіп, спортпен айналысуы үшін алаңды шаһардың орталығынан салатын боламыз.

Көше жаттығуларын жасауда әуесқой Ислам Сабыров шара барысында өзгелерге гимнастикалық жаттығулардың, турникке қалай тартылу қажеттігін көрсетті. Ал, кішкентай ақтөбеліктер саябақта асық ойнап, кей-поп би түрінен бақтарын сынады. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев белсенді жастардың өнеріне тәнті болып, шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Бердібек Сапарбаев жастардың идеясына қолдау білдіріп, бос уақытын тиімді өткізу үшін аула клубтарын ашатынына уәде берді.

 

Жаңалықтар таспасы