Мереке күні 4 балабақша ашылды

Бүгін 1 маусым - балдай тәтті балғындардың басты мерекесі. Балаларды қорғау күнінде шаһарда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бірнеше жекеменшік балабақшасы ашылды. Екеуі Ақжар-2 ауылында, бір балабақша Заречный-3, «Әсел» балабақшасы Тұрғын үй қалашығы ауданында ашылды. Мектепке дейінгі білім ошақтарында енді 600 бала тәрбиеленетін болды. Балабақшалардың салтанатты ашылу рәсіміне облыс басшысы қатысты. Алдымен, Бердібек Сапарбаев "Ақбөбек" білім беру орталығымен танысты.

Орталықтың бой көтергеніне 4 жыл. Осы уақыт ішінде толағай табыстарға қолжеткізді. Бүгінде 600-ге жуық бала 20-дан астам үйірме мен қосымша тіл үйрету бөлімдерінде білім алады. Хореография, фортепиано және спорттық ойындарға баулитын үйірмелер де бар. Алдағы уақытта облыс басшысы  талапқа сай тағы бір білім беру орталығын ашуға уәде етті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

"Ақбөбек" оңалту орталығында сал ауруына шалдыққан балаларға арналған бөлімше жұмыс істейді. Сондағы ем алып жатқан мүмкіндігі шектеулі балалар бүгін облыс әкімінің сый-сияпатына ие болды. Ата-аналар жағы ризашылықтарын жеткізді.

ЖҰЛДЫЗ БАЙТУРЛИЕВА, АТА-АНА

Шара барысында мектеп формаларының жаңа үлгілері ұсынылды. Түрлі тігін шеберханалары дайындаған киім стильдері көрсетілді.

ҒАЛИЯ АЯНБАЕВА, ДИЗАЙНЕР

Жаздың алғашқы күні жағымды жаңалыққа толы болды. Облыс орталығында бірден 4 балабақша пайдалануға берілді. Тұрғындар қалашығында ашылған "Әсел" балабақшасы 320 орындық. Бұл кәсіпкер Ардақ Сәдуақасов ашқан алтыншы білім беру мекемесі. Заречный -3 елдімекеніндегі "Дони" балабақшасы да көпшіліктің көңілінен шықты. Зәулім ғимаратта бүлдіршіндер үшін барлық жағдай жасалған.

АЙЖҰЛДЫЗ НҰРАҒАНОВА, АТА-АНА

Жыл басынан бері облыс орталығында 11 балабақша ашылған. Жалпы қала бойынша мектепке дейінгі ұйымға бару үшін 30 мың бүлдіршін кезекте тұр. 

 

Қосылды: 
01.06.2016 - 11:19
Соңғы өзгерiстер: 
08.09.2016 - 16:33