Міндеттерді бөлу

You are here

1. Облыс әкімдігін және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды басқарады.Орталық атқарушы органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің келісілген түрде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

2. Мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынас кезінде облыс мүддесін білдіреді.

3. Мәселелері:

1) әлеуметтік- экономикалық саладағы реформаларды тереңдету;

2) облыстыдамытудың ұзақ мерзімге арналған басымдықтарын іске асыру;

3) мемлекеттік инвестициялық саясат;

4) ұлтаралық қарым- қатынас;

5) облыс аумағында қоғамдық -саяси тұрақтылықты, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;

6) кадр саясаты;

7) аудандар мен Ақтөбе қаласы әкімдерінің қызметтерін жалпы үйлестіру.

4. Облыс бюджетінің жобасын дайындау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасайды және оның орындалуын бақылайды.

5. Қазынашылық, мемлекеттік кірістер департаменттерінің қызметтерін жалпы үйлестіреді.

6. Прокуратура, арнайы қызмет, құқық қорғау және сот органдарымен өзара іс- қимыл жасайды.

7. Облыс әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесін, үдемелі индустриялық – инновациялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін, «Ақтөбе» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорация» Ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесін, кадр комиссияны, жемқорлыққа қарсы күресу мәселелері бойынша аумақтық комиссияны, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны басқарады.

Жаңалықтар таспасы