Міндеттерді бөлу

Қосылды: 
22.08.2016 - 14:27
Соңғы өзгерiстер: 
22.08.2016 - 14:27

1. Мәселелері:

1) индустриялық-инновациялық даму;

2) жер телімдерін бөлу мәселелерін шешу, жер пайдалануға құқық беру, инфрақұрылыммен, қажетті қаржымен қамтамасыз ету, техникалық және консультативтік көмек көрсетуді қоса алғанда жобалардың іске асыруына жағдай жасау;

3) инвестициялар тарту және инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау;

4) өндірістік кәсіпорындардың жұмысына мониторинг жүргізу, олардың қызметінің тиімділігіне талдау жасау және өндірістерінің өсу резервтерінің мүмкіншіліктерімен аймақтағы экспорттық әлеуетті анықтау;

5) аймақта өндірістік саясатты іске асыру, өндірістік кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардың өнімдерін сыртқы нарықтарға шығару;

6) инновацияларды және үздік технологияларды, жаңа өнімдер мен қызметтер түрлерінің инновациялық әзірлемелерін жеделдете игеруді енгізу;

7) индустриялық-инновациялық саладағы халықаралық және шекара маңы ынтымақтастығы ерін жеделдете игеруді енгізу;

8) кәсіпкерлікті дамыту, бизнес қауымдастықтарының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту, бизнесті дамыту бағдарламаларын іске асыру;

9) туризмді және сыртқы байланысты дамыту;

10) ұлттық компаниялар мен жүйе жасаушы кәсіпорындардың сатып алу көлеміндегі отандық тауар өндірушілердің өнімін (қазақстандық мазмұн) ұлғайту;

11) сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету;

12) бәсекелестікті қорғау;

13) мемстандартты мемлекеттік қадағалау;

14) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіру;

15) облыстың экономикасын Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дамыту.

16) жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау;

17) қошаған ортаны қорғау;

18) мемлекеттік – жеке әріптестіктің жергілікті жобаларын іздестіру және сүйемелдеу;

19) ақпараттандыру және байланыс.

2. Облыстық кәсіпкерлік, индустриялық – инновациялық даму, туризм және сыртқы байланыс, табиғи ресурстар, және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының жұмыстарына жетекшілік етеді.  

3. Оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мыналармен өзара іс-қимыл жасайды:

1) тиісті орталық атқарушы органдар және олардың аумақтық бөлімшелерімен: ақпараттандыру және байланыс инспекциясымен, экология, монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау, техникалық реттеу және метрология, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, Батыс Қазақстан «Батысқазжерқойнауы» геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменттерімен, облыстық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясымен, көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Ақтөбе бөлімшелік басқармасымен;

2) «Самұрық – Қазына» ҰАҚ» АҚ, «Ақтөбе» ӘКК ҰК» АҚ, «Сараптау және сертификаттау ұлттық орталық» АҚ АФ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлер ұлттық палатасы;

3) арнайы экономикалық аймақтың (индустриялық) дирекциясы, банктер, жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар, «Қазақтелеком» АҚ АОТД және басқа ұйымдар.

4. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесті, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссияны, қызметінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша басқа консультативтік-кеңесші органдарды басқарады.

Облыс әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің, үдемелі индустиялық – инновациялық дамыту жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңесінің, «Ақтөбе» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің жұмыстарына жетекшілік етеді.

Қосылды: 
08.08.2016 - 17:16
Соңғы өзгерiстер: 
09.09.2016 - 10:45