Міндеттерді бөлу

Қосылды: 
22.08.2016 - 14:27
Соңғы өзгерiстер: 
22.08.2016 - 14:27

1. Мәселелері:

1) облыс әкімі мен әкімінің қызметін ақпараттық-сараптамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру;

3) облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысы;

4) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

5) мемлекеттік наградалармен марапаттау;

6) сайлаулармен және референдумдар өткізу;

7) жергілікті атқарушы органдардың қызметіне ақпраттық технологияларды енгізу;

8) облыс, аудандар және Ақтөбе қаласы әкімдерінің және басқармалардың аппараттарында құпиялылық режимін қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

9) мемлекеттік қызмет көрсету;

10) нормативтік құқықтық актілермен жұмыс.

2. Селекторлық режимде өткізілетін Үкіметтің отырыстары мен Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің кеңестеріне облыс әкімінің дайындығы мен қатысуын қамтамасыз етуді үйлестіру және бақылау.

3. Облыс әкімдігі мен әкімінің актілерін әзірлеу мен ұйымдастыру және жоғары тұрған органдардың актілерін орындауды ұйымдастыру , тиісті атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету бөлігінде атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді.

4. Облыс әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жасайды.

5. Мына:

1) «Ақтөбе облысы әкімдігінің шаруашылық басқармасы» КММ;

2) «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» КМК;

3) Кадр комиссияның жұмыстарына жетекшілік етеді.

6. Оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Президент Әкімшілігі, Парламент Сенатының және Мәжілістің Аппараттары, Премьер- Министрдің Кеңсесімен, тиісті орталық атқарушы органдармен, жергілікті атқарушы және өкілетті органдармен, орталық атқарушы органдардаң аумақтық бөлімшелерімен және басқа ұйымдармен өзара іс- қимыл жасайды.

Қосылды: 
08.08.2016 - 17:48
Соңғы өзгерiстер: 
25.08.2016 - 16:19