Мәдениет

                                                                                    НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕР

 2016 жылдың 1 қаңтарына облыс мәдениет ұйымдары желісі 3 бірлікке  (1 селолық клуб және 1 селолық музей, 1 кітапхана) көбейіп, қазіргі таңда облыста 499, оның ішінде 487 мемлекеттік мәдениет және архив мекемелері тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда  салада қызметкерлерсаны 3001 бірлікті құрайды, есепті мерзімде 15 жаңадан жұмыс орны ашылды.    

 2015 жылы мәдениет және мұрағат саласын ұстауға және дамытуға барлығы бюджеттен 3387,4 млн.теңге (2014 жылы – 3544,3 млн.тг.) жұмсалды. Есепті мерзімде «Жұмыспен қамту-2020» Жол картасы аясында  7 мәдениет және мұрағат нысаны 115,4 млн.теңгеге күрделі жөнделді.

 Осы мерзімде облыста 23,0 мыңнан астам мәдени-көпшілік шаралар, оның ішінде  15  халықаралық, 4 республикалық, 48 облыстық фестиваль, байқау, симпозиум, тағы басқалары ұйымдастырылып, оларға 3,7 млн. астам адам  қатыстырылды. 

 Облыс кітапханалары кітап қоры алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,5 мың данаға көбейіп,  барлығы 3958,9 мың дана құрады. 

 Облыс музейлерінде 6349 экскурсия, 671 көрме, 1072 дәріс өткізіліп, 248169 келушіқабылданды. Музейлердегі барлық экспонат саны - 172710  дана құрайды.

 Өңір мұрағаттарындағы құжаттар  990,3 мың сақтау бірлігін  құрап,  7,2 мың құжат мемлекеттік сақтауға қабылданды, 9,8  мыңнан астам  жүгіну, 141 мың  тақырыптық, 8 генеалогиялық сұраныс  орындалды.

                                                                        МАҢЫЗДЫ МӘДЕНИ - КӨПШІЛІК ШАРАЛАР

   2015 жылы ҚХА-ның 20, Ұлы Жеңістің 70, ҚР Конституциясының 20, Қазақ хандығының 550, КОБ Ә.Молдағұлованың 90, жылдықтары облыста кең көлемде тойланды. Олар: халықаралық «Достық. Бірлік. Бір жүректен» заманауи музыка, «Жұбанов көктемі-2015», «Жерім менің» «Мәдениет үндестігі», «Әлия гүлі» достарын қарсы алады», «Ұлы дала жауһарлары»,  «Ассалаумағалейкүм - IV» фестивальдері, «Ұлы дала нақыштары» көрме-жәрмеңкесі, «Plein Air Aktobe» атты халықаралық кескіндеме симпозиумы, «Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс!» атты жастар флешмобы, «Театр – өнердің ұлы көші» аймақтық халықтық театрлар фестивалі. 

РФ шекаралас аймақтарымен және алыс, жақын шетелдермен мәдени халықаралық байланыс кеңейіп, шығармашыл ұжымдар, жеке өнерпаздар РФ, Үндістан, Белоруссия, Қырғызстандағы және республикамыздағы фестивальдер мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.  Басты жетістіктердің бірегейі - Белоруссия елінің Витебск қаласында өткен Халықаралық «Славян базары-2015» фестивалінде Д.Құдайбергенов Бас жүлдені жеңіп алуы. 

«Мәдени мұра» Ұлттық жобасы аясында есепті мерзімде  Әйтеке би ауданында Кіші жүз ханы Әбілқайырдың мемориалды кешені мен ауылдық музейі, Ақтөбеде  «Сайрам соғысы» батыры Тілеу Айтұлының ескерткіші, КОБ М.Бөкенбаевтың ескерткіш-мүсіні, Хромтау қаласында «Отан ана» ескерткіш белгісі орнатылды.

 Есепті мерзімде облыс кітапханалары мен музейлерінде  «Бір ел-бір кітап» республикалық, «Оқитын өлке», «Оқитын ел – озық ел», «Тәуелсіздік белесінде елге оралған есімдер», «Жәдігер жерде қалмасын!», «Жәдігер сыр шертеді», «Музейге сый-тарту жаса» облыстық акциялары, атаулы даталар, мерекелерге арналған дөңгелек үстелдер, флеш-мобтар, онлайн-конференциялар, кездесу кештері, танымдық-әдеби сағаттар ұйымдастырылды. Жыл ішінде «Қазақ хандығының дамуы: оқиғалар, тұлғалар» халықаралық конференциясы, Астана қаласында ақтөбелік мүсінші М.Габдрахмановтың «Көшпенділер»  дербес көрмесі және РФ-ның Уфа қаласында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі  есБашқортостан Республикасы Ұлттық Музейімен бірлесіп  халықаралық симпозиумы өткізілді.

2016 жылға міндеттер:

 1. Облыстың мәдениет және өнер мекемелерінің желісін кеңейту,  олардың және мұрағаттардың материалдық базасын нығайту, кітапханалар жүйесін модельдендіру;

 2. Ақтөбе агломерациясын дамыту жолында  облыс орталығында республиканың батыс облыстары қазіргі заманғы мәдени орталығын құру іс-қимылын қамтамасыз ету, осы мақсатта  мемлекеттік-жеке әріптестікпен облыстық тарихи-өлкетану музейі құрылысын жүргізу және «Жол картасы» аясында  8 нысанды күрделі жөндеу;

   3. Тәуелсіздіктің  25 жылдығына арналған мәдени-көпшілік  жұмыстарды, сонымен қатар композитор А.Жұбановтың 110 жылдығына халықаралық «Жұбанов көктемі» және республикалық жыршы-жыраулар, «Үш жұлдызы батыстың» патриоттық әндер байқаулары мен фестивальдерді, өңірлік ақындар айтысын, сала бойынша «Туған жерге тағзым» акциясын,  өнер қайраткерлерін, тарихи тұлғаларды ұлықтау,басқа да мәдени шараларды жоғары дәрежеде  ұйымдастыру;

  4. Облыстың мұрағат мекемелерінде ұлттық мұрағат қорын сапалы толықтыруды қамтамасыз ету.

 

Қосылды: 
04.08.2016 - 16:07
Соңғы өзгерiстер: 
17.08.2016 - 11:20