Мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Биыл Ақтөбеде 1500 орындық концерт залы салынады. Жаңа облыстық тарихи-өлкетану музейі ғимаратының құрылысы басталады.  Бұл жаңалық мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні айтылды. «Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі» биыл елімізде үшінші рет аталып өтілді. Осыған орай, облыстық филармония залында салтанатты шара ұйымдастырылды.  Мәдениет саласының майталмандары құрметке бөленіп, сый-сияпатқа ие болды.

Айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иелері бүгін ерекше марапатқа ие болды. Мәдениет және өнер саласының үздік 16 қызметкері облыс әкімі атынан сыйақы алса, сегізінің кеудесіне төсбелгі тағылды. Ал екеуі еліміздің мәдениет және спорт министрлігінің  Құрмет грамотасымен марапатталды.    

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Думанды кеш сый - сияпатқа ғана емес, жағымды жаңалықтарға толы болды. Облыс орталығында музей мен жаңа концерт залының салынатындығы қызметкерлерді бір қуантып тастады. Өйткені, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспонаттары 100 мыңнан асып, бүгінгі күні ғимараты тарлық етіп отырғаны көпке белгілі. Биыл мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен алғанда 40 пайызға өсті. Мемлекет тарапынан мәдениет саласына жасалып отырған қамқорлық та аз емес.

ЖАНАР КЕМАЛБАЕВА, Т.АХТАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ӘРТІСІ

Көршілес жатқан алыс-жақын шетелдермен мәдени халықаралық байланыс нығайып келеді. Өткен жыл толағай жетістіктерге толы болды. Жергілікті өнерпаздар өз елімізден бөлек ТМД елдерінде өткен дүбірлі додалардың жүлдегерлері атанды. Бүгінде облыста үш мыңдай мәдениет пен өнер ордаларының мамандары бар, Олар, биыл тойланатын атаулы дата, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына қызу дайындық үстінде.

 

Қосылды: 
20.05.2016 - 17:22
Соңғы өзгерiстер: 
16.09.2016 - 14:44