Мәди Елеусізов Ырғыз ауданының әкімі болып тағайындалды

Өткен демалыс күндері облыстағы кадрлық ауыс-түйістер Ырғыз ауданында жалғасты. Мемлекет басшысының аудан, қала және қалалардағы аудандар әкімдерін тағайындау туралы Жарлығына, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкіміне және жергілікті мәслихаттың келісіміне сәйкес Ырғыз ауданының әкімі болып Мәди Елеусізов тағайындалды. Ол бұған дейін Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді. Ал Ырғыздың бұрынғы әкімі Мирхан Дуанбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Өңір басшысы облыстағы бірқатар кадрлық ауыс-түйістерге қатысты ойын айтып, шалғайдағы Ырғыз жұрты жаңа әкімді қолдайды деп сенім білдірді.

 

 

Қосылды: 
11.07.2016 - 17:36
Соңғы өзгерiстер: 
20.09.2016 - 17:41