Мәжіліс депутаттары Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту жөніндегі тәжірибесін енгізуді ұсынды.

You are here

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының мұндай ұсыныстары, облыста жұмыс сапарымен болған кезде, аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевпен кездесу барысында айтылды.

Бұған дейін хабарланғанындай, Парламент Сенатының депутаттары Елеусін Сағындықов, Марат Тағымов, сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Владимир Божко, Абай Тасболатов, Глеб Щегельский, Құралай Қаракен, Жамбыл Ахметбеков және Дания Еспаева облысқа келген еді.

Аймаққа сапары барысында депутаттар тұрғындармен бірнеше кездесулер өткізіп, облыстың бірқатар кәсіпорындары мен елді мекендерінде болды. Халық қалаулылары мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті жерлердегі нақты жүзеге асуымен, оның ішінде ауыл шаруашылығының даму бағыттарымен танысты. Облыс әкімімен кездесу барысында Мәжіліс депутаттары «Кооперация туралы» Заңның тиімді жүзеге асырылып жатқанын атап көрсетті. 2016 жылы 72 өндірістік ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды.

Облыс басшылығы кооперативтерді техникалық жабдықтау мақсатында 13 рефрижератор, 13 сүт таситын көлік, 4 тіркемелі цистерна, 2 сүт қабылдау пунктін сатып алуға қаржы бөлінді. Бұл техникалар шикізат жинудың орталықтандырылған сапалы жүйесін қалыптастыруға және оларды өңдеуші кәсіпорындарға жеткізуге мүмкіндік береді. Мәжіліс депутаты Дания Еспаева мұндай тәжірибені Қазақстанның өзге аймақтарына да енгізу қажет деп есептейді. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдаудың мұндай шарасы олармен өнім өндірудің көлемін арттыруға және одан әрі лайықты дамуына елеулі ықпал етеді. Кездесу барысында екі жақ бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Оның ішінде, «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері бар.

Бердібек Сапарбаев Мәжіліс депутаттарына олар тарапынан облыстың ықпалдастық күтетін бірқатар мәселелерін айтты және аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы хабарлады. Ол экономикалық дағдарысқа қарамаста, 2016 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті биліктің ел Президентінің тапсырмаларын барлық әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштерді өсіру бойынша толық орындағанын атап көрсетті.

Жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бойынша 29 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Индустриальдық Карта аясында 6 млрд теңгенің 3 жобасы енгізілді, оның ішінде үй құрылысы комбинаты пайдалануға берілді. Оның қуаты «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тез тұрғызылатын тұрғын үй бойынша қанатты жобаларды жүзеге асыруға ықпал етпек. Бұл ұсыныс ҚР Үкіметі тарапынан қолдау тапты. Үй құрылы комбинатының әдеттегі құрылыс мерізімін 1,5 есе қысқартатынын атап айту керек. 2016 жылы облыста барлығы 616 мың шаршы метр немесе 5 мың пәтер пайдалануға берілді.

2016 жылы ауыл шаруашылығы саласында 3,2 миллиард теңгенің 25 инвестициялық жобасы жүзеге асырылды. Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының нақты көлемі 8,6%-ға ұлғайды, дәнді дақылдар бойынша орташа өнімділік 2,2 есеге артты.

Ірі қара мен ұсақ малдың, жылқы мен құстың басы артты. Пайдаланылатын суармалы жерлердің көлемі 18 600 гектарға ұлғайды. Тағы да 19,5 мың гектар жер халықаралық банктер — Еуропалық қайта құрылымдау және даму банкінің және Ислам даму банкінің қолдауымен қалпына келтірілетін болады.

Жыл ішінде өңіраралық кооперацияны дамыту нәтижесінде көптеген азық-түлік өнімдерінің бағасын елеулі түрде төмендетудің мүмкіндігі туды, осы ауқымда облысқа былтыр сырттан 4,3 миллиард теңгенің 21 мың тонна өнімі жеткізіліп, облыстан 8,9 миллиард теңгенің 45 мың тонна өнімі жіберілді.

Өңір басшысы сондай-ақ әлеуметтік саланы, медициналық кластерді дамыту, экологиялық ахуалды жақсарту, елді мекендерді көркейту, инженерлік желілер, көлік инфрақұрылымдары құрылысы мен жөндеу бойынша жұмыстар жөнінде хабардар етті.

Ол ағымдағы жылы 401,5 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отырғанын атап көрсетті (2015 жылы 171,8 шақырым жол жөнделді). Оңтүстік айналымдағы 0-21,5 километр, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты жол өткелі құрылысы басталады. Сондай-ақ ағымдағы жылы 15 мыңдай ақтөбелік жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алады.

2016 жыл облыс үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті белсенді жүзеге асыру кезеңі болды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бірқатар маңызды әлеуметтік нысандар құрылысы басталды, оның ішінде 2 мектеп және бірнеше құрылыс пайдалануға берілді. 2017 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 22 миллиард теңгенің 24 нысаны іске қосылатын болады.

— Біз Президентіміздің тапсырмаларын орындау үшін алда да бар күш-жігерімізді жұмсап, қолда бар резервтерді пайдаланатын боламыз,— деп түйіндеді жиынды Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар таспасы