Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбеге келді

Бүгін батыс қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарынан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге келді. Президент алдымен "Ақтөбе жылыжай кешеніне" барды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысына өңірде ауыл шаруашылығын дамыту мүмкіндіктері, азық-түлік қауіпсіздігін арттыру бойынша қолға алынған шаралар туралы ақпарат берді.

Еске сала кетейік, Ақтөбе жылыжай кешені 2014 жылы үдемелі индустриалдық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асқан болатын. Жылыжайда заманауи технологиялардың қолданылуымен жылына мың жарым тонна қызанақ өсіріледі. Бұл тұрғындарды жыл бойы жаңа піскен қызанақпен қамтуға мүмкіндік береді.  

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Жылыжай кешенін Елбасыға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев көрсетті. Ол мемлекет басшысына аймақта азық-түлік белдеуін қалыптастыру мақсатында жасалып жатқан жұмыстарды баяндады. Өткен қаңтар айында ауыл шаруашылығы министрлігі, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдері және "Иналка Еуразия" трансұлттық компаниясы арасында құны 100 миллион еуро инвестиция салатын ет өндіретін мал шаруашылығында аймақаралық кооперация қалыптастыру жөнінде келісімшартқа қол қойылды.  

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сонымен қатар облыс әкімі мемелкет басшысына облыста өңделетін ет көлемін осы жылы 20 мың тоннадан 28 мың тоннаға дейін, сүтті 146 мыңнан 162 мың тоннаға дейін, суармалы жерлерді 12 мың гектардан 18 мың гектарға дейін жеткізу жоспарын баяндады. Одан кейін Елбасы Нұрсұлтан назарбаев облыстағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен кездесті. Айта кету керек, ертең, наурыздың оны күні мемелкет басшысы облыстағы өзге де нысандарды аралап көреді деп күтілуде. 

 

 

Қосылды: 
09.03.2016 - 17:20
Соңғы өзгерiстер: 
06.09.2016 - 11:30