"Нұр Отан" партиясы белсенділеріне елбасы Н. Назарбаевтың алғыс хат тапсырылды

You are here

Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарының сайлауын Ақтөбе облысында өткізуге белсене қатысқаны үшін Президенттің алғыс хатымен бүгін Нұр отан партиясының мүшелері марапатталды. Алғыс хаттарды облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев табыстады. Марапатталғандар қатарында халық қалаулылары, қоғам қайраткерлері, кәсіпорындар басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жастар бар.

Наурыз айында өткен Парламент мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға ақтөбеліктер белсене қатысты. Өз таңдауын жасаған жерлестеріміздің 83 пайыздан астамы "Нұр Отан" партиясына дауыс берді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын қолдап, кезекті рет сенім білдірген сайлаушылардың алдында билік партиясының өз жауапкершілігі бар. Тәуелсіздіктің 25 жылында жеткен жетістіктер тікелей мемлекет басшысы, партия төрағасының есімімен тығыз байланысты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сайлау науқаны кезінде Нұр Отан партиясының облыстық штабында 144 адам асқан белсенділік танытты. Қоғамдық негізде жұмыс жасаған партиялықтарға бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хаттар тапсырылды. Бұл марапатты облыс әкімі, Нұр Отан партиясы облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев өз қолымен табыстады. Алғыс хаттар Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ректоры Ербол Бекмұхамбетов, Дастан серіктестігі басқарма төрағасы Асхат Айтжанов, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры Нұртаза Абдоллаев, "Парыз" қорының төрағасы Есімхан Есенбаев, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Серік Ботағарин және Қазақстан Ақтөбе телеарнасының директоры Раукен Отыншинге тапсырылды.

КЕЛДІБАЙ ЕСПАҒАМБЕТОВ, "БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІ" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев марапатталған партия мүшелерін құттықтай отырып, жергілікті атқарушы биліктің алдындағы міндеттер мен атқарылар жұмыстар туралы жоспарларымен бөлісті.

 

 

Қосылды: 
21.04.2016 - 17:56
Соңғы өзгерiстер: 
08.09.2016 - 09:43

Жаңалықтар таспасы