Облыста тұрғын үй құрылысы кластері құрылмақ

Ақтөбе облысында алғаш рет тұрғын үй құрылысы кластері құрылмақ. Қолжетімді баспанамен тұрғындарды қамтамасыз ету мақсатында бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысы  Айбатыр Жұмағұлов арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Дәл осы мақсаттағы келісім сонымен қатар, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, Ішкі істер департаментінің бастығы Махсұдхан Аблазимов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы және кәсіпкерлер палатасымен жасалды. Әлеуметтік үй құрылысын дамытуға республика бойынша 27 миллиард бөлінсе, оның белгілі бір мөлшері Ақтөбе облысына тиесілі. "Жалпы, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің облыстағы салымшылар қатары артып келеді. Олардың саны 17 мыңнан бірден 45 мыңға көбейді. Ал, депозит мөлшері 25 миллиардқа жуықтады.Осы уақыт ішінде банк халықтың көңілінен шыға білді" деді-облыс басшысы Бердібек Сапарбаев басқосу барысында.

Қосылды: 
16.05.2016 - 16:49
Соңғы өзгерiстер: 
16.09.2016 - 15:18