Облыстық ардагерлер кеңесінің 7 есеп беру сайлау конференциясы өтті

You are here

Бүгін облыстық ардагерлер кеңесінің жетінші есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына мемлекеттік орган басшылары, бастауыш ардагерлер ұйымының жетекшілері, аудандардан келген делегаттар қатысты. Жиында, кеңестің 2011-2015 жылдардағы жұмыс қорытындысы, тексеру комиссиясының есептері баяндалып, алдағы жоспарлар пысықталды. Сондай-ақ, кеңестің және тексеру комиссиясының жаңа мүшелері сайланды. Ал «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетінші съезіне біздің облыстан 5 адам баратын болды. Конференцияға қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ардагерлердің қоғамдық істерді атқарудағы маңызды рөліне тоқталып, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға 1 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінетінін айтты. 

Жаңалықтар таспасы