Облыстық жас ғалымдар кеңесінің алғашқы отырысы

Бүгін сондай-ақ, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев "Ақтөбе облысы жас ғалымдарының кеңесінің алғашқы отырысына қатысты. Бейресми түрде өткен жиында жас ғалымдардың алдағы уақыттағы жұмыс-жоспарлары нақтыланып, атқарылар істері пысықталды. Еркін тақырыпта ой-пікірлерін білдірген жас ғалымдардың жиыны туралы  тілшіміз толықтырады.

Ақтөбе облысы жас ғалымдарының кеңесі осы жылдың ақпан айында облыс әкімі Бердібек сапарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Мектеп және колледж оқушылары, студенттер мен жұмысшы жастардан құралған кеңес құрамында барлығы 70-ке жуық адам бар. Жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, жас ғалымдардың бастамаларын қолдау - ұйымның басты мақсаты. "Мемлекеттің дамуы қабілетті жастармен байланысты. Ел экономикасының дамуы үшін ең алдымен ғылымның жетістіктерін енгізу қажет" деген өңір басшысы кеңес мүшелеріне осылай деп тапсырма берді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Мақсат айқын. Алда атқаратын жұмыс та көп. Жас ғалымдар кеңесінің жұмысына облыстық бюджеттен 10 млн.теңге қаражат бөлінген. егер жақсы жобалар ұсынылып, нәтижелі болса қазынадан  қосымша қаржы бөлуді жоспарланып отыр.

 

 

Қосылды: 
31.03.2016 - 17:45
Соңғы өзгерiстер: 
07.09.2016 - 16:54