Облыстық мәслихатқа 31 депутат сайланды

You are here

Облыстық мәслихатқа 31 депутат сайланды. Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Ақтөбе облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымның алғашқы сессиясы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары және облыстық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Күн тәртібінде 11 мәселе қаралып, облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды. Сонымен бірге, облыстық мәслихаттың бес тұрақты комиссиясы құрылды.

Күн тәртібінде облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланды. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Күнбаева мәлімдеді. Белгілі болғанындай, облыс бойынша барлығы 526 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Сайлауға 80,3 пайыз адам қатысқан. Жалпы саяси шара кезінде сайлаушылардың белсенділігі жоғары болды. Әрі халықаралық байқаушылар тарапынан да мүлдем ескерту түспеген. Нәтижесінде, облыстық мәслихат депутаттығына 31, қалалық мәслихатқа 23, ал аудандыққа 150 халық қалаулысы сайланды. 

ГҮЛНАР КҮНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Алғашқы отырыс барысында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Күнбаева халық қалаулыларына депутаттық куәліктер мен төсбелгілерді табыс етті. Ал ашық дауыс беру қорытындысы бойынша облыстық мәслихаттың хатшысы болып Сәния Қалдығұлова қайта сайланды.

Ал, облыстық мәслихаттың бірінші сессиясының төрағасы болып Такталифум Есенғұлов сайланды. Сонымен бірге, облыстық мәслихаттың бес тұрақты комиссиялары да құрылды. Атап айтсақ, құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болып Марат Итеғұлов, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Аманкелді Есіркепов, бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ни Аркадий, аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының тұрақты комиссиясы Гүлжанат Ерғазина, депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болып Дмитрий Довматенко сайланды.

СӘНИЯ ҚАЛДЫҒҰЛОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Жаңа құрам, жаңа мақсат. Енді халық қалаулыларына жүктелер міндет пен артылар жұмыс та көп. Елбасы ұсынған 100 нақты қадам, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы - басты талап. Қазір әлемді шарпыған жаһандық дағдарыс кезінде өңір экономикасын дамытып, халықтың әл-ауқатын жақсарту қажет. Сондай-ақ, қаланы көркейтіп, көгалдандыру жұмыстарын күшейтіп, осы мақсатта жастарды жұмысқа тартуымыз тиіс. Сайлаушылардың сенімін ақтаңыздар деген өңір басшысы Бердібек Сапарбаев сессия кезінде облыстық мәслихатыққа сайланған депутаттарға нақты тапсырмалар берді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Айта кету керек, облыстық мәслихаттың алғашқы сессиясы кезінде "Нұр Отан" партиясының депутаттық фракциясы тіркелді.

 

 

Жаңалықтар таспасы