Облыстық мәслихат кезекті отырысы

You are here

2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджетте өзгертулер мен толықтырулар.  Бұл тақырып облыстық мәслихаттың алтыншы шақырылымының екінші сессиясында қаралды. Сессия жұмысына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Басқосуда депутаттар нысаналы трансферттермен көзделген бюджетке қатысты ой-пікірлерін білдірді.

Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Басқосудың негізгі тақырыбы - республикалық бюджет және ұлттық қордан бөлінген 25,5 млрд. теңгенің нысаналы трансферттерге жұмсалу жайы болды. Қаржы "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға, сондай-ақ өндірістік, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарға бөлінбек. Кірпішті ауылында су жинау стансасы, ал Кеңес Нокин ауылында облыстағы Ішкі істер департаментіне қарасты арнайы жедел әрекет ету жасағының ғимараты жаңартылады. Бір миллиардтан астам теңге ауылшаруашылығын әрі қарай дамыту үшін жұмсалмақ. 

РУЗИЯ  АЙДАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Экономика басқармасының ұсынған шығындарының тізімі бойынша ағымдағы жыда 25 млрд 639 миллион теңге бөліну көзделіп отыр. Оның ішінде 497 миллион теңгеден астамы жеке кәсіпкерлікті қолдауға. 1 млрд. 385 млн теңгеден астамы агроөнеркәсіптік кешен нысандарының өтемақысына, 1 млрд 292 млн теңге жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасы шеңберінде жұмсау көзделген.

Рузия Айдашеваға халық қалаулылары сауалын жолдады. Сұрақтар халықты жұмыспен қамту мәселесі,  сондай-ақ, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және еңбекшіл жастарға арналып салынатын жатақхана туралы болды.

МАРАТ ИТЕҒҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Инженерлік-коммуникциялық инфрақұрылымды жобалар неге аз? Немесе бұл тек жобалық-сметалық құжаттары дайын болған қнысандар ма? Бұл бірінші сұрақ. Ал екіншісі еңбекшіл жастарға арнлаған жатақхана салу мәселесі. Қалай және қанша адамға салынбақ? оны кімдер алады?

РУЗИЯ  АЙДАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бұның алдында 8 жоба болған. 14 жоба сараптамадан өткен. Және бұл жобалар Ақтөбе қаласы үшін өте маңызды бізге қажет жобалар

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ал №26 Темір сайлау округінен сайланған депутат Светлана Айтбаева Қалалық сут зауыты ауданына қарасты Геотехника-5 екінші бөлімшесінің тұрғындарынан түскен өтінішті айтып, депутаттық сауалын жолдады. Облыс әкімі атап өткенедей, облыс орталығының тазалығы, көшелердің жөнделуі және оны жарықтандыру мәселесі басты назарда болуы керек.

СВЕТЛАНА АЙТБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Халық қалаулылары сессия барысында облыстық мәслихаттың 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын қарады.  Ал жиын соңында сәйкесінше депутаттар тұрақты комиссияларда сөз етілген мәселелерге қатысты шешімдер қабылдады.

 

 

 

Жаңалықтар таспасы