Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жылды қорытындылады

You are here

Ақтөбе облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жыл бойы атқарылған жұмысты қорытындылады. Осыған орай достық үйінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен салтанатты шара өтті. Жаңа жыл қарсаңында  ұйымдастырылған шара кезінде облыс басшысы бірқатар сала қызметкерлеріне және этно-мәдени орталықтар жетекшілеріне Алғыс хаттар, мемлекеттік наградалар табыстап, жыл адамы атағын берді.

Қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына биыл 20 жыл толды. Қазақстандық бірлік пен біртектіліктің әлемде баламасы жоқ үлгісіне айналған ассамблея құрметіне арналған шаралар елеміздің әр түпкірінде өтті. Айтулы жылды Ақтөбе жұртшылығы да ерекше тойлады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев: "еліміздегі тұрақтылық пен татулық Елбасының салиқалы саясатының нәтижесі. 24 жылда ынтымағымыз жетістіктерге жетеледі" - деді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы аясында өңірде мыңнан аса шара өтті. Мәселен, "Менің Қазақстаным" үгіт пойызы Хромтау, Мұғалжар аудандарына келіп, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетті. Сондай-ақ, қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Ұлы дала елі" тарихи-мәдени экспедициясы ұйымдастырылды.

ЖОЛДАС  НҰРШИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Салтанатты шара кезінде ел бірлігінің нығаюына елеулі үлес қосқан жандар марапатталды. Оның ішінде дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев "Ақтөбе облысының жыл адамы" атағын алып, пәтер кілтіне ие болды. Спортқа 10 жасында келген ол болашақта олимпиада ойындарына қатысуды армандайды. Ал "Қазақстан-Ақтөбе" телеарнасының тілшісі Жұлдыз Алмасқызын Ассамблея жұмысын насихаттауға үлес қосқаны үшін облыс басшысы Бердібек Сапарбаев Елбасының қолы қойылған алғыс хатпен марапаттады.

РУСТАМ ИБРАЕВ, ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

ЖҰЛДЫЗ АЛМАСҚЫЗЫ, "ҚАЗАҚСТАН-АҚТӨБЕ" ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТІЛШІСІ

Айта кету керек, бүгінде облыста 19 этно-мәдени бірлестік бар. Олардың мақсаты бір - ынтымақ, бірлік, келісім. Татулық пен тыныштықтың ұйытқысы болған елдің болашағы баянды.

 

 

Жаңалықтар таспасы