Облыстық қоғамдық кеңес отырыс өтті

You are here

Ақтөбеде жаңа оқушылар сарайы, шығармашылық орталығы, заманауи аурухана және хоккей спорт кешені салынады. Бұдан бөлек, мемлекеттік жеке меншік серіктестік негізінде 29, индустриялды инновациялық бағдарлама бойынша жаңадан 11 жоба іске қосылады. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін азайтып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту басты мақсат. Бұл облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың "2015 жылы атқарылған жұмыстары мен 2016 жылға қойылған міндеттері туралы есебінде айтылды.

Қоғамдық кеңес отырысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндады. 2015 жылғы облыстың әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіші алдыңғы жылдармен салыстырғанда төмендеген жоқ. Өңірдегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Көліктерді жанар-жағар майдан газға көшіру қажет. Сонда тек бюджеттік мекемелердің ғана автокөліктерін санағанда жылына миллион теңгеге жуық қаражатты үнемделеді. Ал, жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарттағы міндеттерді уақытында орындап, жаңа жұмыс орындарын ашуы тиіс. "Басты мақсат - халықты жұмыспен қамту" деген облыс әкімі, мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі негізінде салынып жатқан әлеуметтік нысандарды және оларда ашылып жатқан жұмыс орындарын мысал етті. Бүгінгі күні облыс тұрғындарын көкөніспен қамту 47 пайызға орындалды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Енді оны 60-қа жеткізу жоспарда бар. Бұл үшін көрші облыстармен байланысты нығайту керек. Сондай-ақ облыс әкімі, білім, мәдениет, спорт салаларының материалдық техникалық базасын жаңарту туралы да айтып өтті. Жалпы атқарылған жұмыстарды саралап, міндеттерге тоқталған облыс басшысының есебін қатысушылар бір ауыздан қолдады.

КЕЛДІБАЙ ЕСПАҒАМБЕТОВ, «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Жиын барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Барлық ұсыныстар бойынша облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жауап беріп, жиынды қорытындылады.

 

Жаңалықтар таспасы