Облысымызда «20 игі іс» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.

Облысымызда «20 игі іс» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.

Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен биыл «Бақытты бала» ауқымды жобасы жүзеге асырылып, 2018 жыл «Бала жылы» болып жарияланды. Бұл шара Астана қаласының 20 жылдығы және мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20 жыл мерекелік күндерімен тұспа тұс келуде.

Осы айтулы даталарға орай облыс әкімі аппаратының басшысы Н.С. Қалауовтың басшылығымен аппарат қызметкерлері «20 игі іс» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Осыған орай «Әсем» жазғы спорттық – сауықтыру лагеріне 10 балаға жолдама, 5 балаға спорттық киімдер, 1 балаға санаторлық – курорттық емделуге 135 мың теңгеге сертификат, 3 жастағы балаға емделуге көмек көрсету үшін 100 мың теңгеге сертификат және 1 отбасына газ қазандығы орнатылды.

Алдағы уақытта аппарат тарапынан осындай қайырымдылық акциялары әлі де өзінің жалғасын таба береді.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі