Облысқа көкөніс еліміздің оңтүстік аймақтарынан арзан бағамен жеткізіледі

You are here

Сапалы өнім - арзан баға. Сенбі күні әдеттегідей қала базарларында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. "Табыс", Орда және Алтай базарларында ұйымдастырылған жәрмеңкелерді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев барып көрд. Байғанин, Мәртөк, Хромтау аудандарынан келген шаруа қожалықтары ет-сүт, балық, көкөніс өнімдерін саудаға шығарды. Ақтөбеліктер ауыл өнімдерін бұл жолы да арзан бағамен алды.

Байғанин ауданы негізінен сүт, қаймақ-май, құрт - ірімшік, қымыз, шұбат сияқты қала тұрғындары үшін жеңсік тағам түрлерін әкелсе, мәртөктіктер көкөніс пен жеміс-жидек түрлдерін көптеп сатты. Ал, Хромтаудан келген "Агрофирма тау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт өнімдері көптің көңілінен шықты. Жәрмеңкеде өзімізде өскен мал мен құстың еті, жергілікті жылыжайлардан, қожалықтардың бау-бақшаларынан әкелінген көкөніс пен картоп сатылды. Кондитерлік дүкеннің тәтті тоқаштары мен мәмпәсилері де тұтынушылардың сұранысына ие болды. 

ЖАНЫМГҮЛ ТӨЛЕУОВА, "BOGETTA" КОНДИТЕРЛІК ЦЕХЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Айта кету керек, Ақтөбеде еліміздің оңтүстік аймақтарымен нарықты көкөніс және күрішпен қамтамасыз ету туралы келісім жасалды. Соңғы айда осы келісім шарт негізінде біздің өңірге Қызылорда және Жамбыл облыстарынан   50 тоннаға жуық өнім әкелінді. Бұрын бұл өнімдерді ақтөбелік кәсіпкерлер әлдеқайда қымбат бағаға делдалдар арқылы көтерме базарлардан сатып алып отырған. Ал енді жәрмеңкелерде ауыл шаруашылық тауарлары қала дүкендерінен 10-15 пайызға арзан бағамен сатылды. Мәселен, пияздың келісі 35 теңгеден, сәбіз 40, картоп 50, қырыққабат 60 теңгеден, ал Қызылорданың бір келі күріші 150 теңгеден сатылды.  Жәрмеңкеге қатысқан облыс басшысы Бердібек Сапарбаев Табыс, Алтай Базарларымен, Орда сауда болып, әр кәсіпкермен емен жарқын сөйлесті. Баға тұрақтылығының басты назарда болуы керектігін ескертті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Келушілерге мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды. Әні мен сәні жарасқан жәрмеңке түс ауғанша созылды. Ұйымдастырушылар, бұл шара әр сенбі сайын өтетінін тағы бір хабарлады.

Жаңалықтар таспасы