Облыс аудандарында кадрлық тағайындаулар болды

You are here

Сондай-ақ, өткен сенбіде бірқатар аудандар да кадрлық ауыс-түйістер болды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен, Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттардың келісімімен бес ауданда жаңа әкімдер тағайындалды.

Шалқар ауданының әкімі болып осыған дейін Темір ауданын басқарған Бауыржан Қаниев тағайындалды. Шалқар ауданының бұрынғы әкімі Ербол Данағұлов Мұғалжар ауданын басқаратын болды. Ал Мұғалжар ауданының әкімі Серік Шаңғұтов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Сонымен бірге Бердібек Сапарбаевтың өкімімен, аудандық мәслихаттың келісімімен Темір ауданының әкімі болып бұрын Қобда ауданын басқарып келген Асқар Жүсібәлиев тағайындалды. Оның орнына, Қобда ауданының әкімі болып «А» корпусында тұрған және Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасының жетекшісі қызметін атқарған Мейрамбек Шермағанбет тағайындалды. {СНХ}

МЕЙРАМБЕК ШЕРМАҒАНБЕТ, ҚОБДА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Ал Ойыл ауданын «А» корпусында тұрған Бұлбұл Күзембаева басқаратын болды. Бұлбұл Күзембаева осыған дейін Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Жаңалықтар таспасы