Облыс жұртшылығы сайлауда белсенділік танытты

Ал Ақтөбе облысында 526 сайлау учаскесі жұмыс жасады. Оның 133-і облыс орталығында. Облыста 4075 сайлаушы тіркелген, оның ішінде мыңға жуық адам үйден дауыс берді. Бүгін облысымыздың бірқатар аудандарында ауа райының қолайсыздығына қарамастан, сайлау процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Ол қалалық оқушылар сарайында орналасқан №77 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Облыс әкімі сайлау учаскесіне ертелетіп келді. Ол алғаш рет ақтөбеліктердің қатарында өз таңдауын жасады. Бердібек Сапарбаев жекелеген аудандарда ауа райының қолайсыздығына қарамастан, сайлаушылардың белсенділік танытып отырғандығына ризалығын білдірді.¤¤

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағын да осы сайлау учаскесінде дауыс берді. Ал облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров саяси партиялар мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығынан үміткерлердің бағдарламалары және баспасөз беттерінде жарияланған жоспарларымен толық танысқан. Ол дауыс беру процессі заң шеңберінде өтіп жатқанын айтты. Депутаттыққа үміткерлердің алдағы уақытта еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне үлес қосарына сенімді.

НҰРҒАЛЫМ ӘБДІРОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ

Сайлау процесін әрбір саяси партияның өкілдерімен қатар, үміткерлердің өкілдері де назардан тыс қалдырған жоқ. Ал, халықаралық бақылушылардың қатарындағы ТМД миссиясының өкілі Қазақстан әлемдік талаптарға сай заңдарды қабылдауы арқылы сайлауды ашық және әділ өткізуге жағдай жасағандығын айтып отыр. Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясының пікірі де осыған саяды.

АЛЕКСАНДР НАЛЬВАДОВ, САЙЛАУДЫ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ТМД МИССИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ (РЕСЕЙ)

Біріншіден, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы арқылы жеткен халықаралық бақылаушылардың Қазақстандағы сайлауға деген өзіндік пікірі қалыптастып отырАлдымен, елде сайлауға қатысты заңдар халықаралық нормаларға сай қабылданған. Сайлаушылардың барлық құқықтарын қорғайды. Сайлау учаскелері талапқа сай жабдықталған және комиссиялардың жұмысы ашық. Дауыс берулер жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біз сайлауды соңына дейін бақылап, тиісті қорытынды жариялаймыз.

ХАЛЕЛ ҚҰСАЙЫНОВ, САЙЛАУДЫ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

АҚМАРАЛ СУЛИКАНОВА, №77 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ

Жалпы, №77 сайлау учаскесіне бүгін дауыс беруге асыққан жұрттың легі мол болды. Азаматтық міндеттерін орындауға келген ақтөбеліктердің барлығы да сайлаудың ұйымдастырылу деңгейіне оң бағасын беріп жатты.

Қазақстанның сайлау үлгісі мен сайлаушылардың белсенділігін қазір әлем мойындады. Тәуелсіздіктің жиырма бес жылында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып үйренген халқымыздың бұл жолғы ынта-тілектері де ерекше болды.

 

Қосылды: 
20.03.2016 - 14:43
Соңғы өзгерiстер: 
06.09.2016 - 15:04