Облыс орталығында Мұғалжар аудан күндері өтті

You are here

Ақтөбеде аудан күндері басталды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған  "Туған жерім-нұрлы елім" атты аудан күндерін өткізу облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынды. Мақсат - аудандардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени жетістіктерін насихаттау. Ақтөбедегі аудан күндерін бірінші болып Мұғалжар ауданы бастады. Тұңғыш президент атындағы орталық саябақта киіз үйлер тігіліп, қолөнер шеберлерінің туындысы, түрлі тағамдар көрмесі болды. Өнер ұжымдары концерт берді

Орталық сабяқта ұйымдастырылған аудан күндеріне ұзақ жыл мұғалжарда еңбек етіп, өңірдің өркендеп дамуына үлес қосқан ардагерлер де келді. Оларға ерекше құрмет көрсетілді. 

КАМАЛХАН ҚУАН, АРДАГЕР ҰСТАЗ

Мұғалжар ауданы  күндерінің негізгі шаралары 18 маусымда тұңғыш президент атындағы орталық саябақта басталады.  Киіз үйлер тігіліп, қолөнер шеберлерінің туындысы, түрлі тағамдар көрмесі болды. Өнер ұжымдары концерт берді.

70 мыңға жуық халқы бар Мұғалжар ауданы  - өнеркәсібі өркендеген, жері асты қазба байлықтарына толы өлке. Аумағында Қандыағаш, Жем, Ембі атты үш бірдей шағын қала орналасқан. 12 ауылдық округте 42 ауыл бар. Өткен жылы аудан экономикасына 73 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған. Ауданда мұнай-газ өндірісінің әлеуеті жоғары. Мал басын көбейіп, ет және сүт өнімдерін  өңдеу жолға қойылған.

СЕРІК ШАҢҒҰТОВ, МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘІКІМІ

Білім, мәдениет, спорт салаларында да жетістіктер бар. Мемлекеттік бағдараламалардың игілігін көріп отырған мұғалжарлықтардың өз бетімен кәсіп етуге деген ынтасы жоғары. Шағын және орта бизнес дамып келеді. Әсіресе, облыста баламасы жоқ ара шаруашылығының өнімдеріне сұраныс көп. Ақтөбедегі ірі сауда орындарында Мұғалжар ауданында дайындалған ара балы сатылуда.  Аудандағы белгілі тігіншілердің бірі Дәмеш Сарымсақова да көрмеге өзі тіккен ұлттық киімдерді әкелген. Қыз жасауын дайындайтын шебер кәсібінің аясын кеңейткісі келеді. Ол үшін "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы арқылы несие алып, жеке ателье ашқалы отыр. 

ДӘМЕШ САРЫМСАҚОВА, КӘСІПКЕР

Мұғалжар ауданы күндерінің ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та қатысты. Аймақ басшысы арнайы жасақталған көрмені аралап шықты. Мұғалжар ауданының алдында алдағы жылдары жүзеге асыратын мерейлі міндеттер көп. Ол, Елбасы тапсырмасына орай, жалпыға ортақ азық-түлік бағасын тұрақтандыру, жұмыс орындарының қысқаруына жол бермеу, жұмысшылар жалақысының уақытылы төленуіне ықпал ету және мемлекет пен жеке меншік серіктестікті дамыту. Бұл мақсатқа бірігіп қол жеткіземіз дейді мұғалжарлықтар. . Облыс орталығындағы келесі аудан күндерін Алға ауданы жалғастырады.  Венера Серғазина, Мирлан Аманжолов "Қазақстан-Ақтөбе"

Жаңалықтар таспасы