Облыс туралы

You are here

Ақтөбе облысы

Қазақстан Республикасы үшін Ақтөбе облысының экономикалық және стратегиялық маңызы зор. Оның территориясын табиғи байлықтардың айрықша қазынасы деп үлкен сеніммен атауға болады. Аймақ – хром қоры бойынша әлемде алдыңғы қатарда, оның көлемі 400 миллион тоннадан асады. Жер қойнауынан титанның жалпыреспубликалық қорының 40% және никельдің 55% өндіріледі. Облыс территориясында көмірсутекті шикізаттың болжанған қоры 30% құрайды, мұнайдың өнеркәсіптік қоры бойынша облыс республикамызда үшінші орында. Мұнда алтын, күміс, мыс, мырыш, кобальт, каолин, фосфорит, мұнай-битумдық жыныстардың және құрылыс материалдарын өндіру үшін шикізаттардың ірі кен орындары бар.

Еліміздің өнеркәсіптік дамыған ірі аймағының электроэнергия, газ, сумен қамтылуы және білікті кадрлармен қамтамасыз етілуіне орай инвестициялық әлеуеті зор.

Ақтөбе облысының әкімдігі

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай»  көлік дәлізі Еуропа мен Азияның ең алыс нүктелері арақашықтығын айтарлықтай қысқартты. 628 шақырымды құрайтын Ақтөбе учаскесі бірнеше жыл бұрын пайдалануға берілді. 2020 жылы Актөбе-Атырау-Астрахань автокөлік жолын қайта жаңарту жұмысы аяқталады. Көліктік инфроқұрылымды дамытудың келесі басым жобасы «Орталық-Батыс» автожолы болып табылады, ол  Ақтаудың теңіз портына Астана арқылы шығуды қамтамасыз етеді. Көліктік-логистикалық орталықтар желісі мультимодальдық көліктік дәліз құру нәтижесінде кеңейеді. «Қазақстан темір жолы» бұл жобаны түрік және әзірбайжан инвесторларымен бірлесе жүзеге асырады. Сонымен қоса «Ақтөбе» халықаралық әуежайында жүк хабының құрылысы жоспарлануда.

Облыс әлемдік атағы бар кәсіпорындарымен белгілі. «Қазхром» трансұлттық компаниясы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты», «Актюбрентген», «Ақтөбе мұнай құрал-жабдығы зауыты», «Ақтөбе металл құрастыру зауыты». Ақтөбе рельс-арқалығы зауыты да дамып келеді. 80 кен өндіруші қатарында «СНПС-Актобемунайгаз», «Казахойл Актобе» ЖШС, «Урихтау Оперейтинг» ЖШС және т.с.с.

АО "ТНК" Казхром"
«Казхром «ТҰК» АҚ

Соңғы бес жылда Ақтөбе облысының негізгі капиталына инвестиция 12,6 млрд АҚШ долларын құрады, оның 36% тікелей шетелдік салымдар үлесіне тиесілі. Осы кезеңде аймақ аталған көрсеткіш бойынша республикада екінші орын алуда. 2015 жыл қорытындысына сәйкес облыс бизнеске қолайлы ахуал қалыптастыру жөнінен Астанадан кейінгі екінші орында. Бүгінгі таңда әлемнің 100 елімен сенімді сауда қарым-қатынастары орнатылған.  

Қазақстанның индустрияландыру Картасына енген инвестициялық жобалар қарқынды әрі жүйелі жүзеге асырылуда. Екінші бесжылдық аясында облыста жалпы құны 260 млрд теңге болатын 23 жоба іске асырылуда. Мысалы, жыл аяғында қуаттылығы жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй болатын тұрғын үй комбинаты іске қосылады.

АО «Актюбинский завод нефтяного оборудования»
«Ақтөбе мұнай жабдықты зауыты» АҚ

Маусым айында «Ақтөбе» СПК» индустриялық аймағында болашақ бес ірі инновациялық өндіріс орнында капсулалар салынды. Он ірі зауыт пен отыз орта және шағын өнеркәсіп құрылысына есептелген индустриялық аймақтың жалпы көлемі 200 гектар болып табылады. Бизнесті дамыту мақсатында мұнда инвесторларға жер учаскелері тегін беріледі, барлық қажетті инфрақұрылым жүргізілген.

Аграрлық салада да инновацияны жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынылуда. Диверсификация ауыл шаруашылығының дамуына тың серпін берді. Соңғы үш жыл ішінде азық-түлік дақылдарының көлемі бір жарым есе ұлғайды, мал шаруашылығы қарқынды дамуда.   

Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары және «InalcaEurasia»  трансұлттық компаниясы арасында 100 миллион евроны құрайтын аймақаралық кооперация құру жөніндегі келісімге қол қойылды. Ет кластері «Молочные истории» ЖШС базасында құрылуда.

ТОО «Актюбинский рельсобалочный завод»
«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС

Азық-түлік қауіпсіздігі белдеуі суармалы жерлерді көбейту, отбасылық шағын фермалар құру, жылыжайлар мен көкөніс сақтау қоймаларын салу есебінен нығаюда.  

Ақтөбелік агломерация облыстың индустриялық-инвестициялық мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырады.

2025 жылға Ақтөбе облысы Қазақстанның  төрт урбанистік орталықтарының біріне айналады.  Бұл уақытта Алға, Қандыағаш секілді кіші қалалар мен Хромтау моноқаласын қосқанда, бес ауданның 31 елді мекені оның шекарасына енеді. Жергілікті жоғары оқу орындары негізіндегі ғылыми әлеует даму тетігін айқындайды.

ТОО «Казахойл Актобе»
«Казахойл Актобе» ЖШС

Дамудың тағы бір бағыты Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары тұрғындарына қызмет көрсететін медициналық кластердің құрылуы болып табылады.

Оның негізінде - кардиохирургия, неонатальдық хирургия, трансплантология, экстракорпоральдық ұрықтандыру. Ақтөбедегі Жедел медициналық көмек қызметі толық жаңартылады. Осы мақсатта облыс әкімдігі  «HemogensHealthCare» түрік компаниясымен 5,5 млрда теңгеге меморандумға қол қойды.

ТОО «АКТЮБИНСКАЯ МЕДНАЯ КОМПАНИЯ»
«Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС

Аналитикалық зерттеулерге сәйкес, 2016 жыл соңында аймақ еліміздің инвесторларға қолайлы ахуал орнатылған, тұрғындарының өмір сүру деңгейі жоғары, бизнес, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау салаларында қызықты жобалар іске асырылып жатқан стратегиялық түйініне айналуы тиіс. Нәтижесінде Ақтөбе облысының рейтинг көрсеткіші алдыңғы қатарлардан танылады.

Инвесторлар нарықтық өсім әлеуетінің бар екендігіне және өз капиталдары салымдарынан жоғары табыс табу мүмкіндіктеріне сенімді бола алады.

Жаңалықтар таспасы