облыс әкімдігінде кеңейтілген кеңес өтті

You are here

Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан Елбасы тапсырмаларын орындау - басты міндет. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, облыс әкімішілігінде өткен мәжілісте мәлімдед. Облыс басшысының төрағалығымен өткен жиынға, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы, аудан әкімдері және басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Мәжілісте, аймақтың 10 айдағы әлеуметтік - экономикалық дамуы қортындыланып, өзге де мәселелер сөз болд. Облыс әкімі, Елбасы тапсырмасын орындау мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін қала және барлық аудан әкімдері мен тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді. 

Елбасының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары, елдің дамуы үшін маңызды. Қазір осы мақсатта, республиканың әр өңірінде жедел жұмыс топтары құрылған. Негізгі мақсат мемлекет басшысының алға қойған тапсырмаларын орындау,

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Ақтөбе облысында мемлекет басшысының алға қойған міндеттерді орындауға толық мүмкіндік ар. Әкімшілікте өткен жиын барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Елбасы тапсырмаларын орындау - басты міндет деді. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ  Елбасы тапсырма берді...

Облыс әкімі, ең алдымен, әлеуметтік экономикалық жағдайды түзетуге мейлінше көңіл бөлу қажет деді. Соның ішінде, кемшін кеткен тұстарын аз уақыттың ішінде дұрыстап, табыс көздерін молайту керек екенін нақты айтты. Себебі, облыс экономикасының 10 айдағы көрсеткіші, алдыңғы айдың қортындысымен салыстырғанда төмендепп кеткен.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 10 айдың қорт, 9 айман салыстырғанда....

Облыс әкімінің бұл мәлімдемесін баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рузия Айдашева да нақтылай түсті. Оның айтуынша,  бірқатар аудандардың көрсеткіші, алдыңғы жылармен салыстырғанда, әлдеқайда төмен. Басқарма басшысы бұл ретте, бюджеттік түсімдердің азайып кеткенін дәлелдеді. Ал, құрылыс саласындағы жағдай, жергілікті әкімшіліктердің көңіл бөлуін қажет етеді.

РУЗИЯ АЙДАШЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Құрылыс саласы, 6 аудан мен Ақтөбе қаласында төмендеп кетті. Оның ішінде, Байғанин, Шалқар, Қарғалы және Темір аудандарын атап өткен жөн. Бұл салада, тек Алға ауданының көрсеткіші ғана тәуір.   

Облыс әкімі баяндама жасаған басқарма басшысын бірнеше рет тоқтатып, айтылған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғалардан түсінік беруін талап етті. Дәрі-дәрмек бағаларының өсуіне қатысты, тиісті басқарманың басшысы бұл кемшілік мемлекет қарамағындағы ауруханалар мен емхана, дәріханаларда емес, жеке секторда екенін айтып, ақталды.

ӘСЕТ ҚАЛИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ал, бюджет бүйірін толтыруда, Темір, Байғанин, Қарғалы аудандарының әкімдері түсінік берді. Бірі, мұнай бағасының төмендеуіне байланысты, кейбір кәсіпорындардың өнім өндуру көлемі түскенін айтса, енді бірі, жоспарланған инвестиция көлемінің аз болғандықтан, іске асыуы тиіс жобалардың кешіктіріліп жатқанын жеткізді. Соның салдарынан түсім де жоқ. Ал, Шалқар ауданының әкімі, бұған дейін бюджетке тартылған қаржы көлемін биыл орындау қиын екенін айтты.  

ЕРБОЛ ДАНАҒҰЛОВ, ШАЛҚАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, экономикалық ахуалды жақсартуға аудан әкімдерінің тиісті дәрежеде көңіл бөлмей отырғанын сынға алды. Бұл кемшілікті болдырмау үшін орынбасары Ғали Искалиевке бақылауды күшейтіп, аптасына бір рет аудан әкімдерімен кеңес өткізуді тапсырды. Ал, Елбасы тапсырмасында айтылған мемлекет пен кәсіпкерлік серіктестігі бойынша, облыста атқарылып жатқан жұмыс мардымсыз. Осы ретте, былтыр құрылған жауапты орталық осы уақытқа дейін тек құрылымдық жұмыстарды атқарып келген. Бірде-бір жоба жүзеге аспапты. Облыс әкімі бұл мәселеге байланысты да сын - ескертпелер айтып, тиісті басқармалармен бірлесе отырып, жыл аяғына дейін дереу жоба жасау керектігін нақты тапсырды. Қаржысын игі іске салғысы келетін кәсіпкерлер көп. бірақ, түсіндіру жұмыстарының жоқтығынан олар мұндай серіктестіктің барын білмейді деген облыс басшысы, бұл ретте, өзге облыстардан да үлгі алуға болатынын атап өтті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ  "ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ" АКЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ ДА ЖҮРГІЗУГЕ БОЛАДЫ ЕҢ БОЛМАСА...

Мүлікті жария ету жұмыстары өңірде қалыпты жүріп келеді. Облыс бойынша биылғы он айда 3 мыңнан астам өтініштер қаралған. Ақтөбеліктер көбінесе саяжай аумағындағы үйлер мен өзге де қосалқы шаруашылықтарды заңдастырғысы келеді екен. Облыс әкімі Бердібек Машбекұлы алдағы уақытта заңдастыру мен жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі нысандардың тізімін жасауға көңіл бөлу қажет деді. Ал, әлеуметтік маңызға ие азық - түлік бағаларын тұрақты ұстау бойынша мәлімдеген облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Бағжан Тілегенов, соңғы уақытта кейбір тағам түрлерінің бағасы негізсіз көтеруліге жол берілгенін баяндады.. Бұл іспен қазір монополияға қарсы агенттік өкілдері айналыс жатыр дейді. Ал, нақтылай айтсақ, күнбағыс майы 50, қант бағасы 77 пайызға дейін өскен. Жұмыртқаның 90 теңгеден 190 теңгеге дейін өскені,

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Мұхтар сабырұлына тапсырма...

Облысқа инвестиция тарту да басты міндеттердің бірі. Бұл мәселе бойынша, облыстық индустриалдық - инновациялық даму басқармасының басшысы Марат Балмұқанов, бүгінгі күні инвесторларды тарту бойынша аудан әкімшіліктерімен жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ал, жұмыссыздық мәселесіне қатысты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы еңбек нарығында қалыптасқан биылғы жағдайға орай, келер жылға нақты жоспар құрылып жатқанын айтты. мәжіліс соңында облыс әкімі, қиын жағдайды еңсеріп, одан қиналмау шығу үшін табандылықпен еңбек ету керектігін мәлімдеді. Өңірдегі ахуалды одан әрі жақсарту үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді және оның орындалу барысының бақылауда болатынын ескертті.

Қосылды: 
23.11.2015 - 14:07
Соңғы өзгерiстер: 
29.08.2016 - 16:46

Жаңалықтар таспасы