Облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжіліс өтті

You are here

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өңірдің жыл басынан бергі екі айдың әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы, салық айналымы базасын кеңейту және көктемгі егіс науқанына дайындық барысы қаралған мәжіліс өтті. Жиынға, облыс әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, басқарма басшылары және ірі кәсіпорындардың жетекшілері қатысты.

Жиынды ашқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың жаңа сайланған депутаттарын құттықтап, халық үшін белсенді қызмет ету керектігін атап өтті. әсіресе, сайлауалды бағдарламаларды орындап, үкілеген үмітті ақтау басты міндет деді. Сондай-ақ, облыс басшысы, халық қалаулыларының қатысуымен шешілетін келелі мәселелерді атап өтті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиында баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рузия Айдашеваның айтуынша, үстіміздегі жылдың қаңтар, ақпан айларының қортындысы бойынша өңірде өнеркәсіп өндірісінің сәл төмендегені байқалады. Әйтеке би, Қарғалы, Шалқар, Мұғалжар және Темір аудандарының өндірістегі көрсеткіштері кеміген. Сондай-ақ, инвестиция тарту және құрылыс саласында да төмендеу байқалады. 

РУЗИЯ АЙДАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ал, ауылшаруашылық саласында өсім байқалады. жыл басынан бергі екі айдың қортындысы бойынша, өндірілген өнім көлемі 18 млрд 800 млн теңгені құраған. Ет, сүт өндіруде ілгерілеушілік бар. Белсенді қызмет етіп жатқан шағын және орта кәсіпкерлік нысандары көбейген.Облыс әкімі, экономиканы әртараптандыру, қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет екенін атап өтті. Инвестициялық жобаларды іске асыру, мемлекет пен жеке кәсіпкерлік серіктестігі аясында әлеуметтік нысандар салу керек деді. Сондай-ақ, ауылдықтар, өнім өндіру көлемін ұлғайтуда мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдалану қажет. Себебі, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді субсидиялауға бюджетте 5,2 млрд теңге қарастырылған. Ал, шағын фермаларды құру туралы пилоттық жобаға 2,3 млрд млрд теңге бөлінген.  Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдауға 4,1 млрд қарастырылып отыр. Жиын барысында, салық айналымы базасын кеңейту және көктемгі егіс науқанына дайықдық барысы туралы да айтылды. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ыбырайым Қаржаубайұлының айтуынша, биыл 553 мың гектарға астық пен дәнді - дақыл және көкөніс түрлері егіледі. Суармалы жерлердің көлемі 12 мыңнан 18 600 гектарға ұлғаяды.

ЫБЫРАЙЫМ ҚАРЖАУБАЙҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі бердібек Сапарбаев, жауапты тұлғаларға егін егу жұмыстарын белгілі мерзімде жүргізуге және тұқым сапасына назар аударуды тапсырды.  Жиын соңында, өңір экономикасына қатысты тиісті шараларды қолға алып, салық айналымы базасын кеңейту жөніндегі комиссияның жұмысын белсенді ету және бюджетке қосымша резервтер қарастыру жөніндегі жұмыс тобына нақты міндеттер жүктеді.

 

Қосылды: 
25.03.2016 - 16:41
Соңғы өзгерiстер: 
07.09.2016 - 16:59

Жаңалықтар таспасы