Облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес

Облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің құрамы

САПАРБАЕВ Бердібек Машбекұлы

облыс әкімі, Кеңес төрағасы

ШЕРИЯЗДАНОВ Асқар Тұрарұлы

облыс әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасары

ЕСМАХАН Бауыржан Әбдірашұлы

«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ басшысы, Кеңес хатшысы

Кеңестің мүшелері:

АБЛАЗИМОВ Махсұд Нұғманұлы

ҚР ІІМ Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің бастығы (келісім бойынша)

БОРАНБАЕВ Нұрлан Ақабайұлы

«Ақтөбе облысықұрылыс,сәулет және қала құрылысы басқармасы»ММ басшысының м. а

ГУЗЕВ Николай Ислямович

«Алматы Әулие Николай приходы» жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі (келісім бойынша)

АСАНОВ Нұрлан Байжігітұлы

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының өкілі,Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешітінің бас имамы(келісім бойынша)

ДҮЙСЕНОВА Айгүл Егізбайқызы

«Жарық» ақпараттық-консультативтік орталығы» жеке мекемесінің директоры (келісім бойынша)

НҰРҒАЛИЕВ Ербол Жолдаспекұлы

«Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы

ТҰРЛЫХАНОВА Гүлмира Болатқызы

Ақтөбе облысы әділет департаментінің басшысы (келісім бойынша)

ИСМАҒАМБЕТОВА Дариға Ғизатқызы

«Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы»ММ басшысы

УРАЗТАЕВ Рустам Серікұлы

Ақтөбе облысының прокуратурасы экстремизм және терроризмге қарсы әрекет саласындағы заңдылықтарын қадағалау бөлімінің бастығы (келісім бойынша)

ҚАЛДЫҒҰЛОВА Сәния Мұсақызы

облыстық мәслихат хатшысы (келісім бойынша)

ҚАЛИЕВ Әсет Әскерұлы

«Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы

НҰРШИН Жолдас Махуұлы

Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарушы хатшылығының меңгерушісі

ҚЫДЫРБАЕВ Нұрлан Сұлтанұлы

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы (келісім бойынша)

ИСПАНОВ Ильяс Сапарбекұлы

Ақтөбе қаласының әкімі

САБДИН Асқар Кәлімжанұлы

«Ансар» кеңес беру-оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры (келісім бойынша)

СӘРСЕНҒАЛИЕВ Қабай Қаленұлы

«Ақтөбе облысы жер қатынастар басқармасы» ММ басшысы

СҮЛЕЙМЕНОВ Жандаулет ­Отарбайұлы

«Аңсар» ақпарттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы

ХАЙРУЛЛИН Ераман Кәрімұлы

«Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің  әкімшілік басқармасының басшысы(келісім бойынша)

Облыс әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің ережесі

Жалпы ережелер

1. Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес  ( әрі қарай-Кеңес) облыс әкімдігі жанындағы ақылдасу-кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс әкімдігінің қаулысын өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Кеңес өз қызметінде мемлекеттік органдармен, діни бірлестіктермен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттеседі.

4. Кеңес шешімі ұсыныстық сипатқа ие.

Кеңестің мақсаты, міндеттері және функциялары

5. Кеңес қызметінің мақсаты азаматтардың діни қызметпен айналысу және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу құқығын қамтамасыз ету, қоғамдағы рухани келісімді нығайту мен конфессияралық қатынастарды үйлесімдендіру саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

6. Кеңестің негізгі міндеттері:

1) облыста қалыптасып отырған діни ахуалға жан-жақты және шынайы зерделеу, бағымдау және талдау;

2) мемлекеттік органдарды облыстағы діни ахуал және діни бірлестіктердің қызмет ету мәселелері бойынша заңнаманы сақтау туралы дер кезінде ақпараттандырып отыру;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар бойынша Кеңеспен тығыз жұмыстар атқару;

4) әртүрлі діни бірлестіктердің өкілдері арасындағы өзара сыйластық пен төзімділікті ары қарай нығайта түсу.

7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесідей функцияларды жүзегі асырады:

1) азаматтардың діни қызметпен айналысу және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға қолғабыс етеді;

2) діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелерін реттейтін заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

3) қажеттілік бойынша, аймақтағы діни ахуалды зерттеумен және өңірдегі конфессияралық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды әзірлеумен айналысатын Эксперттік кеңес құрады. Аталған кеңестің құрамына ғалымдарды, дінтанушыларды, дәстүрлі діннің қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін енгізу керек;

4) діни бірлестіктер мен азаматтар тарапынан дін саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-насихаттау, консультациялық-тәжірибиелік кеңес беру жұмыстарын жүргізеді;

5) деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсететін орталықтармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді;

6) өзінен төменгі жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Кеңес қызметі мен жұмыс тәртібін ұйымдастыру

8. Кеңесті Төраға ретінде облыс әкімі басқарады.

9. Кеңес Төрағасының орынбасарлығы қызметі – облыс әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасарына жүктеледі.

Кеңестің хатшысы – облыстық Дін істері басқармасының басшысы  болады.

10. Кеңес мемлекеттік басқару органдары қызметкерлерінен, облыстық мәслихат депутаттарынан, Ақтөбе облысының Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы меңгерушісінен, дәстүрлі конфессиялардың дінбасыларынан, дінтанушы-ғалымдардан, қоғам қайраткерлерінен, үкіметтік емес ұйым өкілдерінен құралады.

11. Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде іске асырады.

12. Кеңес отырысы әр тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырысы Кеңес Төрағасының жеке ұсынысымен немесе Кеңес мүшелерінің үштен бір бөлігінің өтінішімен шақырылады.

13. Кеңес отырысы оның мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда құқықты деп есептеледі. Кеңес шешімдері оның отырысына қатысқан жалпы мүшелерінің басым даусымен қабылданады. Дауыстар тең жағдайда Кеңес Төрағасының даусы шешуші деп танылады.

14. Кеңес мәселелерді пысықтау, отырыстарды дайындау, сараптамалық және талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында Кеңес Төрағасы орынбасарының басшылығымен жұмыс топтарын құра алады.

15. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіпте келесідей құқыққа ие:

1) Кеңес құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, діни ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттарды сұратуға;

2) Кеңес құзырына қатысты жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық деректерін пайдалануға;

3) Кеңес отырыстарына кеңес құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін шақыруға;

4) Үкімет жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңеске азаматтардың сенім бостандығы мен діни қызметпен айналысу құқықтарын   қамтамасыз етудегі заңнамаларды жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзуға жол берген діни бірлестіктердің және шетелдік миссионерлердің қызметтеріне тыйым салу мен тоқтауға қатысты ұсыныстар енгізуге және жолдауға;

5) Кеңес құзырындағы мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысуға;

6) Заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

Кеңес қызметін қамтамасыз ету

16. Кеңес Төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерді іске асыруда жалпы қадағалауды іске асырады.

Төраға  болмаған жағдайда оның функциялары орынбасарына жүктеледі.

17. Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің жұмыс    органы – келісім бойынша Діни істері басқармасы болып табылады.

18. Жұмыс органы Кеңес отырысының жұмыстарын ұйымдастырады, отырысқа қажетті құжаттарды дайындайды және хаттамаларын рәсімдеуді жүзеге асырады.

19. Кеңес құзырына қатысты материалдарды дайындау мақсатында діни саламен айналысатын мекемелерді, білікті мамандар мен ғалымдарды жұмысқа тарта алады.

Кеңес қызмет тоқтату тәртібі

20. Кеңес облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес тоқтатылады.

Қосылды: 
04.08.2016 - 20:29
Соңғы өзгерiстер: 
05.08.2016 - 19:47