Облыс әкімінің орынбасары НҰРҒАЛИЕВ Е.Ж.

1. Мәселелері:

1) халықты әлеуметтік қорғау

2) денсаулық сақтау;

3) білім, соның ішінде кадрларды дайындайтын жоғары, техникалық және кәсіби білім оқу орындары, кәсіпорындар және мекемелері;

4) ғылым;

5) мәдениет, өнер, мұрағаттар және құжаттама;

6) дене шынықтыру және спорт;

7) ішкі саясат;

8) мемлекеттік ақпарат саясатын іске асыру;

9) мемлекеттік тілдер саясатын іске асыру;

10) ұлттық және жастар саясатын іске асыру;

11) отбасы және гендірлік саясат;

12) кәмелетке толмағандардың және олардың құқықтарын қорғау;

13) көші-қон және демографиялық саясатты іске асыру;

14) әлеуметтік-саяси процестерді және ұлтаралық қарым-қатынасты зерттеу және болжау;

15) әлеуметтік қайшылықтың алдын алу және жою үшін механизмдерін қалыптастыру;

16) саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдармен, жастар мекемелермен, діни конференциялармен, шығармашылық одақтармен, этно – мәдени орталықтармен, Қазақстан халқының Ассамблеясымен, ардагерлер және кәсіподақ ұйымдарымен жұмыстарды үйлестіру;

17) қоғамдық – саяси іс – шараларды дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі;

18) геральдика, мемлекеттік рәміздер, ономастика;

19) діни экстремизмнің алдын алу және осыған байланысты мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

20) қылмысқа, нашақорлыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және осыған байланысты мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру;

21) жергілікті полицияның қызметі.

2. Облыстық ішкі саясат; жастар саясаты мәселелері; жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар; білім; денсаулық сақтау; мәдениет, мұрағаттар мен құжаттамалар; дене шынықтыру және спорт; тілдерді дамыту жөніндегі; діни істер жөніндегі; еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаларының, Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарушы хатшылығының жұмыстарына жетекшілік етеді.

3. Оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мыналармен өзара іс-қимыл жасайды:

1) тиісті орталық атқарушы органдар және олардың аумақтық бөлімшелерімен: прокуратура, арнайы қызмет, құықық қорғау және сот органдарымен, әділет, еңбек әлеуметтік қорғау және көші – қон, медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау, медициналық қызметке ақы төлеу, білім саласындағы бақылау департаменттерімен, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, ҚР ІІМ мамандырылғанкүзет қызметі, ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің Ақтөбе станциясындағы ішкі істер желілік басқармаларымен.

2) ғылыми орталықтар, мемлекеттік емес ұйымдар, саяси партиялар және басқа ұйымдар.

4. Әлеуметтік әріптестіктік – еңбектер қатынастарды реттеу үш жақты комиссияның тең төрағасы, тілдердің қолданылуы мен дамуы, тұрғындардың денсаулығын сақтау, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі, ономастикалық комиссияларды, мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабын, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды, көтермелеу жөніндегі комиссияны, қызметінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша басқа консультативтік-кеңесші органдарды басқарады.

Облыс әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер комиссиясының, облыс әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс, жастар саясаты істері жөніндегі кеңестерінің, жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аумақтық, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың жұмысын және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың қызметін үйлестіреді.

Қосылды: 
08.08.2016 - 17:41
Соңғы өзгерiстер: 
17.05.2017 - 10:18