Облыс әкімінің өкімімен бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

You are here

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Мавр Абдуллин Алға ауданының әкімі болып тағайындалды.  Аудан активіне өңірдің жаңа басшысын таныстыруға арнайы барған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мавр Ерғалиұлының алдындағы мақсат-міндеттерін де айқындап берді. Ал, ауданды бұған дейін басқарған Асқар Шериязанов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Президент әкімішілігінің келісіміне сәйкес Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен тағайындалған Алға ауданы әкімінің кандидаурасын жергілікті мәслихат депутаттары да бір ауыздан қолдады. Мавр Абдуллинді таныстыру сәтінде оның аудандық деңгейден бастап, облыстық басқарма басшысының орынбасары қызметіне дейінгі аралықтағы сатылардан өткен білікті маман екендігі айтылды. Депутаттардың келісімі де алынған соң, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудан активіне де кадрлық өзгерістер туралы түсіндіріп өтті. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған Мавр Абдуллин еңбек жолын 1990 жылы Ойыл ауданында жолға қызмет етуші бөлімде бастаған. Жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Әр жылдарда Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің басшысы, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2012 жылдан бастап  осы уақытқа дейін Ойыл ауданының әкімі болды. Ал, облыс әкімі өңірдің әлеуметтік экономикалық, саяси картасында Алға ауданының орны ерекше екендігін атып өтті.  Ақтөбе қаласына жақын, жері құнарлы және болашағы зор ауданды басқаруға басшылық тәжірибесі мол басшы келіп отыр.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ал, Алға ауданының бұрынғы әкімі Асқар Шерияздановтың қызметі жоғарылап, енді облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың орынбасары болып тағайындалуы кездейсоқтық емес. Өңірдің қоғамдық-саяси жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі тәжірибесі мол іскер басшы Асқар Тұрарұлының да облыс пен республикалық деңгейдегі табысты еңбек жолы ескерілген.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Алғалықтар да ауданды екі жарым жылдай сәтті басқарып, экономиканың, әлеуметтік саланың күрделі мәселелерін шешуге күш-жігерін жұмсаған Асқар Шерияздановтың еңбегін жоғары бағалады. Актив отырысында сөз алған ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл ақсақалдары Алға ауданындағы барлық жақсы жаңалықтарды Асқар Тұрарұлымен байланыстыратындықтарын жеткізді.

ЕСЕНТАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

ДАНИЯР ҚҰРМАНАЛИН, МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

Өз кезегінде аудан халқымен етене жұмыс жасап, табысты басқарған Асқар Шериязданов пен Алға ауданының жаңа әкімі Мавр Абдуллиндер облыс басшысының сеніміне ризашылықтарын білдіріп, елдің дамуы жолында аянбай еңбек етуге уәде берді

АСҚАР ШЕРИЯЗДАНОВ, АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ ӘКІМІ

МАВР АБДУЛЛИН, АЛҒА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиынды қорытындылаған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Елбасы тапсырмаларын орындау жолында құрғақ сөзден нақты іске көшетін уақыт жетті деп атап өтті. Елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылық - әлеуметтік-экономикалық өркендеудің кепілі. Облыс әкімі қызметіне кіріскен сәттен бастап есепті жөнге келтіру, терең талдау мен қатаң бақылауды қолға алған Бердібек Сапарбаев өңірлерде қайта өңдеу кәсіпорындарын құруды мықтап тапсырды. Ал, барлық деңгейдегі басшылар азық-түлік бағасының негізсіз көтерілумеуіне күш салуы керек.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиын соңында облыс әкімі аудан басшыларына алдағы мемлекеттік мерекелерге дайындықты жоғару деңгейде жүргізу керектігін айтты. Өйткені, халықтың көңіл күйінің жоғары болуы - ынтымақ пен ырысқа жетелейді.

 

 

Қосылды: 
04.12.2015 - 14:32
Соңғы өзгерiстер: 
29.08.2016 - 15:47

Жаңалықтар таспасы