Облыс әкімі ардақтыларға құрмет көрсетті

You are here

Халықаралық әйелдер күнін ақтөбеліктер ерекше салтанатпен атап өтті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қызметте табысқа жеткен, әр салада еңбектеніп жүрген қыз-келіншектерді, көп балалы аналарды құттықтады. Облысымыздың аудандары мен Ақтөбе қаласында қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып жүрген арулар "Думаш" мейрамханасындағы мерекелік түскі ас кезінде облыс әкімінің жылы лебіздерін тыңдады. Тәуелсіздік жылдары Қазақ жерінде 7 миллион бала дүние есігін ашты. Әр минутта 45 бала өмірге келеді.Ана бақыты мен бала саулығы әрқашан мемлекет назарында. Қазір, әйелдің кез келген салада еңбек етуіне жол ашық. Оған берілген мүмкіндік, терең білім мен қабілет те жетеді, - деді облыс әкімі. Мерекелік шара барысында өнер ұжымдары ән шырқап, би биледі. Шақырту алған жетпістен аса мәртебелі қонаққа облыс әкімінің атынан гүл шоқтары ұсынылып, естелік сыйлықтар табысталды.

Қосылды: 
05.03.2016 - 16:09
Соңғы өзгерiстер: 
06.09.2016 - 11:41

Жаңалықтар таспасы