Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мәртөк ауданында болды

7 қыркүйек, бейсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мәртөк ауданындағы егін жинау жұмыстарының барысын тексеріп, Родниковка ауылындағы орта мектептің құрылысын қарап шықты, сонымен қатар, бірнеше шаруа қожалықтарының қызметімен танысты.

Родниковка ауылында өңір басшысы 320 орындық орта мектептің құрылыс барысын тексерді. Қазіргі таңда үшінші қабаты тұрғызылып жатыр, әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Мектеп осы айдың қараша айында алғашқы оқушыларын қабылдайды. Осы ауылда МЖС аясында 70 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Нысанды ағымдағы жылдың қазан айында тапсыру жоспарланып отыр.

Әрі қарай Б.Сапарбаев «Родники» ЖШС-нің егін жинау жұмыстарымен танысты. ЖШС директоры Василий Бондарев осы жылы 19 мың гектар жер егілгенін, оның 14 мың гектары жиналғанын, бидайдың орташа өнімділігі 12,2 центнер, арпа 13,7 центнерді құрайтынын айтты. Шаруашылықта 136 адам еңбек етеді, 18 комбайн, 47 әмбебап трактор, 10 жүк автокөлігі бар.

- Астықты қысқа мерзімде жинап болу үшін барлық шараларды қолдану қажет. Біз ауа райының қолайлылығын барынша пайдаланып, күні-түні жұмыс істеуіміз қажет. Бұдан басқа, 1,2 сыныпты, сапасы жақсы тұқымнан сапалы қор жасауымыз тиіс,-деп атап өтті Бердібек Сапарбаев Мәртөк ауданының ауылшаруашылық құрылымдарының басшыларымен  егістік алқабындағы кездесуде.

Облыс әкімі шаруалар назарын олардың бірнеше бағыт бойынша жұмыстарын күшейту қажеттігіне аударды.

- Ауданда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін, атап айтқанда сүт, ет бағыттарын дамытуға, өнімді өңдеуге, ауылшаруашылық кооперативтерін құруға  барлық жағдай бар. Келесі маңызды сұрақ суармалы жерлер алаңын кеңейтуге байланысты, бұл мақсатқа өңірге 10 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінетін болады. Бұл бізге суармалы жерлер алаңын 10 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді.  Мал шаруашылығын дамыту үшін «Алтын асық», «Сыбаға» бағдарламалары әрекет етеді, оларды тиімді әрі жүз пайыз игеру қажет,-деп тапсырды Бердібек Сапарбаев аудан басшылығына.

Облыс әкімі Мәртөк ауылында болған сәтінде жаңа әкімшілік ғимарат пен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік магистралінің бойында орналасқан жол бойындағы қызмет көрсетуді қарап шықты. Жергілікті кәсіпкер кемпинг салып, жиһаз, техникалық қызмет көрсету бекеттері мен көлік жуу орындары үшін құрал-жабдықтар сатып алынды. Биыл газ, жарық, су және көлік жолы секілді қол жетімсіз инфрақұрылымдарды жүргізу үшін «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 60 млн теңге бөлінді. Жаңа нысан 40-тан аса жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге Бердібек Сапарбаев бірнеше шаруа қожалықтарында болды. Солардың бірі – ірі қара мал терісін алғашқы өңдеумен айналысатын «А.С. Ар. Аз. Г» шаруа қожалығы. Өндіріс цехының жоба қуаттылығы айына 180 тоннаны құрайды. Мал терісі Мәртөк ауданымен қатар Ресей, Башқұртстан, Татарстанға қарасты облыс аймақтарына сатылады. Бүгінгі күні 30 тоннаға жуық тері қайта өңделіп, алынды. Итальяндық серіктестермен жартылай дайын өнімді өткізу бойынша келісімшарт жасалды.

Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев «Мәртөк сүт» ЖШС-де де болды. Кәсіпорын 2004 жылдан бері қаймағы алынбаған сүт өнімін шығарады. Өндірістік қуаты тәулігіне 30 тоннаны құрайды.

Облыс басшысы 5 гектар жерге көкөніс өсіріп отырған «Баймағамбетов» ЖШС қызметіне ерекше қызығушылық танытты. Шаруа Мәртөк ауданы мен Ақтөбе қаласының коммуналдық базарларына жаңа піскен қызанақ, қияр, баялды, орамжаыпрақ, сәбіз бен кәді жеткізеді.

Кейін Б.Сапарбаев «Рад Агро» ЖШС-не қарасты жүгері алқабында болды. Шаруашылықтың иелігінде 8 мың гектардан аса жер бар, оның 3 мың гектары – егістік, 4,8 гектары – жайылым. Биыл шаруашылық  суландыру жүйеісінің инфрақұрылымын салу үшін «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша 44 млн теңге алды.

Облыс әкімі жұмыс сапары соңында Мәртөк ауданының сүт өнімдерін өңдейтін ең ірі кәсіпорындарының бірі - «Айс» сүт тауарлары фермасында болды. Бүгінде серіктестік жанынан құрамында сүт өндіретін 40 ауылшаруашылық құрылымы бар сүт кластері ұйымдастырылған. Мұнда өңір басшысына ірі қара малға берілетін жемнің өсірілуі мен дайындалуы таныстырылды.

Өндіріс директоры Армен Хуршудянның сөзінше кәсіпорынның суармалы жері - 825 гектарды, орташа түсім – гектарына 420 центнерді құрайды. Жалпы алғанда, «Айс» ЖШС-де  екі мыңдай мал басы болса, оның ішінде 750  сауынды сиыр бар. Күн сайын 22 тоннадан астам сүт, жылына 7,5 мың тоннадан аса  сүт өндіріледі.  240 бас сиырға тағы бір қора салу жоспарда бар. Бұл сүт өндірісін 7,5 мың тоннадан 9 мың тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік береді.

 

Ақтөбе облысының баспасөз қызметі